19 Қыр 2025

Академик Сұлтанбек Қожахметов 90 жасқа толды

Биыл Қазақстанның көрнекті ғалымы бірден екі айтулы датаны – 90 жылдық мерейтойы мен үздіксіз ғылыми қызметінің 67 жылдық белесін атап өтуде.

Image 2

Сұлтанбек Мырзахметұлы - ғұмырын металлургия саласына арнаған ғалым, Қазақстан өнеркәсібінің даму бағытын өзгерткен ғылыми жаңалықтардың авторы. Оның еңбегі ғылыми зерттеу жұмыстарының жазылуына негіз болды және өндірісте қолданысқа енгізілді. Атап көрсетерлігі академиктің ғылыми бастамалары күні бүгінге дейін еліміздің және шетелдің кәсіпорындарында жүзеге асырылуда.

Image 2

Мәселен, 1974 жылы оның жетекшілігімен Ертіс мыс балқыту зауытында күрделі мыс-мырыш шикізатын балқытуға арналған бірегей КИВЦЭТ әдісі енгізілді. 1985 жылы Балқаш металлургия зауытында мыс концентратын сұйық ваннада – Ванюков пешінде балқыту үдерісі игерілді. Бұл жаңалық өндіріске технологиялық серпіліс әкелді және бүгінгі күнге дейін нақты нәтиже беріп тұр.

Image 2

Ғылыми жетістіктерінен бөлек Сұлтанбек Қожахметов Ғылым академиясында жауапты қызмет атқарды: Металлургия және кен байыту институты директорының орынбасары, Академияның вице-президенті, институт директоры болды. Оның ғылыми мектебі ғалымдар мен мамандардың тұтас бір буынының іргетасын қалады.

Бүгін Алматыда, университетте ғалымның мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. «Қазақмыс» корпорациясы атынан Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев академикке ғылым мен металлургияны дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс білдіріп, мықты денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.

Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

02 Dec 2025

Шығыс Жезқазған кенішінде жыл қорытындысы, қауіпсіздік мәселесі және алдағы төлемдер талқыланды

26 Nov 2025

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақмыс тау-кен саласының көшбасшыларын дайындайтын Ұлытау инновациялық университетін құрады

24 Nov 2025

Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі геологиялық кластер ашылды

19 Nov 2025

Қазақмыс пен Freedom Cloud жасанды интеллект пен өндірісті цифрландыруды дамыту үшін бұлтты жүйеге көшу процесін іске қосады

18 Nov 2025

Қазақмыс кеніштерінде маркшейдерлік жабдық жаңартылды

18 Nov 2025

5G өндірісте. Қазақмыс пен ISKRATEL цифрлық трансформацияны жеделдету үшін күш біріктіреді