Қоршаған ортаны
Қорғау
«Қазақмыс» компаниясы Тобының басымдылықтарының бірі өндірістік бөлімшелерді пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. «Қазақмыстың» мақсаты - кәсіпорындар іс-қызметінің технологиялық циклының барлық кезеңдерінде өндірістің қоршаған ортаға әсер етуін бірте-бірте барынша азайту және Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық саясатымен анықталған экология саласындағы стандарттарға үнемі қол жеткізуге тырысу.
Әрбір кәсіпорын үшін жыл сайын негізгі технологиялық жабдықтың, қондырғылардың тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешені әзірленеді және жүзеге асырылады, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар бағдарламалары мен жоспарлары әзірленеді және уәкілетті мемлекеттік органдарда келісіледі. Сонымен, мысалы, соңғы 5 жылда «Қазақмыс» компаниялар Тобының кәсіпорындарында жалпы сомасы 19 млрд. теңгеге 2000-нан астам табиғат қорғау іс-шаралары орындалды.
2019 жылдан бастап байыту және кен өндіру өндірістері іс-қызметінің қоршаған ортаға антропогенді жүктелімін төмендетудің жаңа тәсілдерін іздестіру және қолда барларын жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстар жүргізілуде.
2020 жылы өндіріс (ТМТ-ны қоспағанда) және тұтыну қалдықтарын жою, кәдеге жарату, қайта өңдеу және/немесе беру тәсілдерін таңдау бойынша техникалық-экономикалық есептеу орындалды.
2020 - 2021 жылдар кезеңінде қоршаған ортаға теріс антропогенді әсер етуді болдырмауға және/немесе оны барынша азайтуға бағытталған, кәсіпорындарда қолданылатын техникаларды бағалау мақсатында «Қазақмыс» Тобының негізгі өндірісіне кешенді технологиялық аудит жүргізілуде, бұл кейінде қолданумен үздік қолжетімді технологиялар анықтамалықтарын әзірлеудің бірінші кезеңі болып табылады.
Табиғатты қорғау іс-шаралары
2020 жылы «Қазақмыс» компаниялар Тобының қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға шығындары 2019 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгермеді және 3736,34 млн. теңгені құрады, олар келесілерге бағытталған:
- атмосфералық ауаны қорғауға – 1771,69 млн. теңге, негізгілер арасында: шаң басуды қолдану (кен массасын, карьер ішіндегі жолдарды, жыныстар мен кен үйінділерін сумен суландыру), қалдық қоймасының құрғақ жағаларын және бөгет жақтауларын суару, аспирациялық және желдету жүйелері бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу, Жезқазған ЖЭО № 4-6 қазандық агрегаттарын күрделі жөндеу, БЭТС батареялық эмульгаторларын жөндеу, күкірт қышқылы цехының технологиялық жіптері мен құрғақ электр сүзгілерін күрделі жөндеу.
- су ресурстарын қорғауға және тиімді пайдалануға – 1271,33 млн. теңге, ондағы 512 млн. теңге – айналым жүйесіндегі тұнған суды қайта пайдалануға;
- өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс жасауға – 364,15 млн. теңге, оның ішінде өндіріс қалдықтарын (аршылған жыныстар, жанас жыныстар, металлургиялық қождар) қайталама қайта өңдеу, технологиялық жолдарға себу, қазылған кеңістіктерді толтыру үшін материал ретінде пайдалану;
- жер ресурстарын қорғауға – 223,59 млн. теңге, ондағы 191,513 млн. теңге – БЖЭО және ЖЖЭО күл қалдықтарын орналастыруға және БЭТС күл үйіндісінің жаңа секциялрын салуды жобалауға;
- ҚОҚ саласындағы басқа бағыттарға – 105,58 млн. теңге, оның ішінде ғылыми-іздестіру жұмыстарына, өсімдік және жануарлар әлемін қорғауға, экологиялық ағарту ісі мен насихаттауға, радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздікке, басқару жүйелерін және үздік қауіпсіз технологияларды енгізуге.
«Қазақмыс» компаниялар Тобының ҚОҚ-ға және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға салатын инвестицияларының құрылымы, 2020 ж., %
47%
34%
10%
6%
3%
- 47% - Атмосфералық ауаны қорғау
- 34% - Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану
- 10% - Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс жасау
- 6% - Жер ресурстарын қорғау
- 3% - Басқа бағыттар
«Ecostart» экологиялық акцияларын жүргізу
Жастар арасында экологиялық сананы қалыптастыру, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу, табиғат қорғау іс-қызметінің тиімділігін арттыру, «жасыл» инфрақұрылым құру мақсатында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Балқаш және Жезқазған қалаларында қоғамдық экологиялық акцияларды белсенді жүргізеді, атап айтқанда:
- «Ecostart» қоғамдық экологиялық акция» бағдарламасының аясында «Экосфера» ҒӨК-мен бірлесіп және еріктілермен бірге ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өткізді. 2019-2020 жылдары білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелерінің аумағында 400 ағаш отырғызылды (Жезқазған қ. – 200 дана, Балқаш – 200 дана) және спорттық-зияткерлік іс-шаралар жүргізілді.
- эко-еріктілердің қатысуымен 2020 жылы «Қоқысты іріктемелі жинау» акциясы өткізілді.
- 2020 жылы еріктілер болып табылатын және көшеттер отырғызу кезінде өз үлестерін қосқан Балқаш және Жезқазған қалаларының орта мектептері мен колледждерінің білім алушылары арасында онлайн эко-олимпиада өткізілді. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен және сертификаттар марапатталып, ал жеңімпаздарға заманауи смартфондар табысталды.
Экологиялық бақылау
- Балқаш мыс қорыту зауытының шығарындылар көздеріне атмосфералық ауаны мониторингілеу жүйесін енгізу жұмыстарын орындау үшін ПВ-2 (0138 көз) аспирациялық газдардың газарнасына шығарындыларды мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесін пайдалануға енгізу жұмыстары жүргізілді. Күкірттің еселенген тотығы бойынша мониторинг деректері зауыттың орталық кіреберісі аймағында орналасқан ақпараттық экранға шығарылды.
- Жезқазған мыс қорыту зауытында 02.03.2021 жылы КҚЦ қалдық газ арнасында ластағыш заттар шығарындыларын мониторингілеудің автоматты жүйесі іске қосылды (0227 көз). Деректер зауыттың LED-экранына шығарылды.