Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«Қазақмыс Компаниясының беделі, бірге жұмыс жасайтын адамдардың бізге арқа сүйеуі және сенім артуы біздің ең құнды активтеріміздің бір болып табылады»

«Қазақмыс» Тобының компанияларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен рәсімдерді енгізу мәселелеріне, парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алатын тиімді ішкі корпоративтік жүйенің болуына көп көңіл бөлінеді.

Осы мақсатта компанияда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы кодекс бекітілді және қолданысқа енгізілді, ол кәсіби іскерлік этиканың жалпы қағидаттарының жиынтығын және компания қызметкерлерінің серіктестермен, контрагенттермен және басқа да мүдделі тұлғалармен сыртқы өзара қарым-қатынастардағы, сондай-ақ жұмыскерлер арасындағы ішкі өзара қарым-қатынастардағы мінез-құлқының негізгі қағидаларын қамтиды.

Компания бұзушылықтарды уақтылы анықтау тұрғысынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттар мен рәсімдердің тиімділігіне бағалауды кезең-кезеңімен жүргізеді.

Осындай бағалау құралдарының бірі «Speak Up» қызметінің заңнаманы бұзушылықтар туралы хабарлау жөніндегі іс-қызметі болып табылады.

Бұл компания жұмыскерлеріне, серіктестерге, контрагенттерге және басқа да мүдделі тұлғаларға өздерінің күдіктері туралы хабарлап қана қоймай, компанияның жергілікті ережелерін қолдануға байланысты мәселелер бойынша түсініктемелер алуға мүмкіндік береді.

«Speak Up» қызметі жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді 8-800-080-8089 тегін «жедел желіге», +7 708 436 2058 нөмірі арқылы Speak Up қызметінің WhatsApp желісіне, speakup@kazakhmys.kz электронды поштасына немесе «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кеңсесі арқылы қабылдайды.

«Қазақмыс» Тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерін сақтаудан бас тартатын (сауалнаманы толтырудан және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпені Шарттың мәтініне енгізуден бас тарту) контрагенттерге қатысты жұмыс жүргізілуде.

Есепті кезеңде контрагенттердің 67 (105) шартқа қатысты компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын орындаудан бас тартуы туралы 42 (57) өтініш қарауға келіп түсті.

Бұл ретте 32 (2022 жылдың 12 айына - 28) өтініш контрагенттердің Сауалнама толтырудан бас тартуына, 3 (2022 жылдың 12 айына - 8) өтініш шарттың мәтініне «Қазақмыс» Тобының компаниялары үшін бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпені қосудан бас тартуына, 7 (2022 жылдың 12 айына - 21) өтініш Сауалнама толтырудан және шарттың мәтініне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпенің қосудан бас тартуға қатысты болды.

7 (2022 жылдың 12 айына - 21) өтініш бойынша контрагенттер төмендегі санаттарға жатқызу себебі бойынша «Қазақмыс» Тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерін орындаудан бас тартқан Контрагенттер тіркеліміне енгізілді: жарғылық капиталында мемлекет қатысатын мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерге, заңды тұлғаларға не мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғаларға (Регламенттің 5.1.2-тармағының «е» тармақшасы).

27 (2022 жылдың 12 айына - 33) өтініш бойынша «Қазақмыс» Тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерін орындаудан бас тартқан контрагенттерге қатысты бір жолғы тәртіпте келісу берілді: нарықтың нақты сегментінде және/немесе өңірде ұқсас тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ұсынатын контрагенттер болмаған кезде «Қазақмыс» компаниялар Тобының құрылымдық бөлімшелерінің тиісті қызметін қамтамасыз ету үшін (Регламенттің 6.5.3-тармағы); басшылықтың тапсырмасына байланысты (Регламенттің 6.5.1-тармағы); контрагенттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпенің үлгілік ережелеріне осы ережелердің мақсаты мен түсіндірмесі елеулі түрде өзгертілмеген жағдайда өзгерістер мен толықтырулар енгізуі (Регламенттің 6.3.3-тармағы).

5 (2022 жылдың 12 айына - 3) өтініш бойынша Регламенттің 5.1.3-тармағы негізінде алдында берілген келісу туралы жауап берілді.

2 (2022 жылдың 12 айына - 0) өтініш контрагент тарапынан ескертулерді жоюға және барлық қажетті мәліметтерді көрсете отырып парақорлыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы сақтау жөнінде Сауалнама ұсынуға байланысты қараусыз қалдырылды.

1 (2022 жылдың 12 айына – 0) өтініш бойынша келісуден бас тартылды.

Келісу критерийлері бойынша бөлу арқылы келісілген контрагенттер тізбелері электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы тарату жолымен құрылымдық бөлімшелердің назарына жеткізіледі.

«Қазақмыс» Тобы жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қарсы іс-қимыл саласында енгізіліп жатқан саясаттар мен рәсімдер туралы хабардар болуын арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Жаңадан қабылданған жұмыскерлерге ерекше назар аударылады.

Есептік кезеңде жаңадан қабылданған жұмыскерлерді қоса алғанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы кодекспен және Мүдделер қақтығысын басқару регламентімен танысқан жұмыскерлердің жалпы саны 2507 (4788) адамды құрады.

Еңбек шарттарына, оның ішінде осындай келісімдерді жасау атқаратын лауазымына сәйкес міндетті сипатқа ие болатын, жаңадан қабылданған жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттарына 551 (1635) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қосымша келісім жасалды.

Мүдделер қақтығысын басқару бойынша іс-қызметке ерекше рөл беріледі. Мүдделер қақтығысын басқару регламентін іске асыру шеңберінде мүдделер қақтығысын ашудың дұрыстығы мен толықтығына және оларды реттеу сапасына талдау жүргізіледі.

Жаңадан қабылданған жұмыскерлерді қоса алғанда «Қазақмыс» Тобы компанияларының 963 (1703) жұмыскері «Әлеуетті ықтимал, туындаған мүдделер қақтығыстары туралы ақпаратты ашу» А және Б нысанындағы Сауалнамалар ұсынды. Сауалнамаларды толтыру кезінде 12 (7) мүдделер қақтығысы анықталып, реттелді.

Персоналды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жергілікті актілердің негізгі талаптарына оқыту сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді жүйенің маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

Компанияда «Қазақмыс» Тобының жұмыскерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ақпараттың негізгі дереккөзі болып табылатын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы білім базасы» бағдарламалық жасақтама қолданылуда.

Бағдарламалық өнім жұмыскерлердің дербес компьютерлерінің жұмыс үстелдерінде орналасқан, бұл дербес компьютері және тұрақты негізде корпоративтік желіні пайдаланушының есептік жазбасы бар жұмыскерлердің барлығының оған қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Осы есепті құру күніндегі жағдай бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы білім базасын» 64 548 (59 038) рет көру тіркелген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында «Қазақмыс» Тобы компаниялары жұмыскерлерінің хабардарлығын арттыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттар мен рәсімдерді оқыту бойынша тренингтер өткізу практикасы жалғастырылды.

Оқытумен 410 (512) адам қамтылды, оның ішінде 120 адам көшпелі семинарларда (2022 жылдың 12 айында көшпелі тренингтер ковидке қарсы шектеулерге байланысты өткізілмеген) және 290 (512) адам электрондық оқытуда оқытылды.