Speak up

8-800-080-8089

«Қазақмыс» Тобы компанияларында адалдық, айқындылық және шынайылық принциптерін ұстануды көрсететін корпоративтік мәдениетті қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.

Оң бейнені сақтау мақсатында 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Speak Up» қызметінің «жедел желі» функциясы әрекет етеді, оның негізгі міндеті заң бұзушылықтарды, оның ішінде алаяқтық, жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіз іс-әрекеттер мен басқа да бұзушылықтарды уақытылы анықтау және оның алдын алу болып табылады.

Ол компания жұмыскерлеріне, серіктестеріне, контрагенттеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға өздерінің күдіктері туралы ғана хабарлап қоймай, сондай-ақ қызықтыратын мәселелер бойынша түсіндірмелер алуға да мүмкіндік береді.

Құпиялылықты және анонимділікті қамтамасыз ету мақсатында барлық алынған хабарламаларды оператор қабылдайды және өңдейді, ол күн сайын келіп түскен хабарламалар туралы есеп құрады және оларды қарау үшін заң қызметі департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты құқықтық сүйемелдеу бөліміне береді.

Сонымен қатар «Speak Up» қызметінің «жедел желі» қызметі қызметкерлер мен контрагенттерге қысым жасау және оларды белгілі бір әрекеттерді жасауға/жасамауға мәжбүрлеу үшін пайдаланылмауы тиіс, сондай-ақ жеке шоттарды мәлімет үшін құрал ретінде қарастырылмауы тиіс.

Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштер тегін «жедел желіге» үш тәсілмен қабылданады: 8-800-080-8089  телефоны арқылы, speakup@kazakhmys.kz электрондық поштаға, компанияның заңды мекенжайы бойынша пошта арқылы (100012, Қарағанды қ., Абай к-сі, 12).

2021 жылы «Speak Up» қызметіне 59 (2020 жылы 51-мен салыстырғанда) өтініш түсті, оның ішінде 51 (49) өтініш қаралды, 5 өтініш қараусыз қалдырылды, 1 (0) өтініш ведомстволық бағыныштылық бойынша жолданды, есепті кезең соңында 2 (2) өтініш қаралуда тұрды.

Қаралған 51 (49) өтініштен 18 (12) өтініш қанағаттандырылды.

Өтініш берушілер сыбайлас жемқорлық, мүдделер қақтығысы, ломбардқа қызметтік ноутбукті тапсыруға әрекеттену фактілері туралы хабарлап, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, баспананы үлестіру мәселелері, коммерциялық ұсыныстарды қарастыру кезінде әуре-сарсаңға салыну жағдайлары бойынша жүгінді. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою және мүдделер қақтығысын реттеу бойынша шаралар қабылдау туралы 7 нұсқама енгізілді , декреттік демалыста жүрген жұмыскерлерге біржолғы сыйлықақы, лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет ету аймағының кеңейгені, демалыс күндері жұмыс істегені үшін қосымша ақы төленді.

Сонымен қатар, өтініште баяндалған дәлелдер әрдайым нақты жағдайларға сәйкес келмейді және тексеру барысында расталмайды. Осылайша, қаралған 51 (49) өтініштің 18 (25) өтініші қабылданбады.

Қаралған 51 (49) өтініштің 15-і (11) тексеру жүргізуді талап етпеді, олар бойынша жұмысқа орналасу, сыйлықақылар төлеу, COVID науқасымен байланыста болған жұмыскерлерге 2 аптада карантинде болғаны үшін төлем жасау, коронавирустық инфекцияның алдын алу, екпелер алу қажеттілігі, денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, жер учаскелерін мәжбүрлі иеліктен шығару мәселелері бойынша, сонымен қатар конкурстық өтінімдерді қабылдамау себептері туралы түсініктемелер берілді.

"Speak Up" қызметіне келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері

2021 жылы Нұсқаулықтың 6.4-тармағы негізінде 5 анонимді өтініш қараусыз қалдырылды (сұрақтың мән-мағынасы баяндалмаған, әрекеттеріне шағым берілген «Қазақмыс» Тобы компаниясы жұмыскерінің ТАӘ көрсетілмеген және осы мәліметтерді белгілеу мүмкін болмайды).

Келіп түскен 59 (51) өтініштен 33-і немесе 56% (29 немесе 57%) еңбек құқықтық қатынастары, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы бұзушылықтарға қатысты болды, 8-інде немесе 13,6% (7 немесе 14%) құрылымдық бөлімшелер басшыларының іс-әрекеттеріне шағым жасалды, 4-інде немесе 6,8% (5 немесе 10%) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру тәртібімен мен қорытындыларымен келіспеушілік білдірілді, 3 немесе 5% (2 немесе 4%) өтініш Мүдделер қақтығысы туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат талаптарын сақтауға, 3 немесе 5% (0) өтініш коронавирустық инфекцияның алдын алу қағидаларын сақтамауға, 8 немесе 13,6 % (8 немесе 15%) өтініш өзге де сұрақтарға қатысты келіп түсті.

"Speak Up" қызметіне келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері

Кәсіпорындар бойынша келіп түскен 59 (51) өтініштің статистикасы төмендегідей: «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС - 41 немесе 69,4 %; «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС - 7; «Данк» ЖШС - 1; «Ұлытау Нан» ЖШС - 1; «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС – 1; өзгелері - 8.

Кәсіпорындар бойынша өтініштер статистикасы

«Жедел желіге» 59 өтініш жасағандарды келесі топтарға бөлуге болады: компаниялардың жұмыскерлері – 35 немесе 59,3%; компания жұмыскерлерінің туыстары – 3 немесе 5,1%; контрагенттер – 5 немесе 8,5%; өзге кәсіпорындардың жұмыскерлері – 16 немесе 27,1%.

"Speak Up" қызметіне өтініш жасағандардың топтары

59 өтініштің 25-і немесе 42,3% анонимді болып табылады, өтініш берушілер аты-жөндерін және мекенжайларын айтудан бас тартты.

25 анонимді өтініштің 7-інде келтірілген дәлелдер тексеру барысында расталды, 7 өтініш бойынша келтірген фактілер шындыққа сәйкес келмеді, 6 өтініш бойынша түсініктеме берілді, 5 өтініш қараусыз қалдырылды.

"Speak Up" қызметіне келіп түскен анонимді өтініштер

Өтініш берушінің жеке деректерін ашу кезінде өтінішті шешудің тиімділігі едәуір артатынын және керісінше, анонимділікке байланысты өтініш берушілермен тікелей байланыс мүмкіндігі жоқ екенін және соның салдарынан барлық дәлелдерді қарау ықтималдығы төмендейтінін атап өту қажет.

«Speak Up» қызметінің жұмысы туралы компания жұмыскерлері мен үшінші тұлғаларды ақпараттандыру «Қазақмыс» Тобы компанияларының сайтында және Instagram мессенджеріндегі корпоративтік парақшада ақпаратты орналастыру жолымен жүргізіледі.