14 Шіл 2023

Таңдаған мамандығына адалдығы үшін

Кәсіби мереке қарсаңында «Қазахмыс Смэлтинг» ЖШС-нің Балқаш мыс қорыту зауытында үздік металлургтердің есімдері Еңбек Даңқы галереясына енгізіліп, құрмет көрсетілді.

Салтанатты шарада Металлургтер күнімен өндіріс жөніндегі директор Марат Әубәкіров құттықтап, 34 қызметкерге «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар Кеңесі төрағасының және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының Құрмет грамоталарын табыс етті.

Құрмет тақтасынан 32 қызметкер лайықты орын алды – бұлар тәлімгерлер, өндіріс озаттары және үздік нәтиже көрсеткен жас мамандар. Сондай-ақ, 8 қызметкер «Еңбек озаты» кәсіподақ ұйымының салалық төсбелгісімен, тағы 70 адам Құрмет грамоталарымен марапатталды. 50 адам «Аманат» партиясының алғыс хаттарына ие болды.

Сондай-ақ, бір топ жас мамандар жастар қанатының құрмет грамоталарымен марапатталды.

Сондай-ақ, Еңбек даңқы галереясында БМЗ цехтары арасында өндіріс мәдениеті бойынша өткен байқаудың қорытындысы шығарылды. Аталмыш байқауда шихта дайындау цехы (цех бастығы Алмас Сыздықбеков) үздік деп танылса, мыс электролиз цехы (цех бастығы Мәди Әбдуалиев) екінші, мыс балқыту цехы (цех бастығы Байтас Сүлейменов) үшінші орынды иеленді.

«Менің зауытым – менің өмірім» БМЗ аумағын абаттандыру бойынша үздік эскиз байқауында бұрғылаушы Роза Нұрғалиева бірінші орынды иемденсе, сорғы қондырғысының машинисі Елена Никифороваға  екінші орын, ал  электролизші Мырзағалы Мұқановқа үшінді орын бұйырды.

ЛӘЗЗАТ СМАҒҰЛОВА

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

03 Oct 2023

2023 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы және 2024 жылға еңбекақыны арттыруға көзқарас туралы

29 Sep 2023

Джуманбаев В.В. мерейтойымен құттықтаймыз!

28 Sep 2023

«Топар ГРЭС» Қарағанды облысында алғашқылардың бірі болып электр желілеріндегі апатты қалыпқа келтірді

27 Sep 2023

ӨНДІРІСТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

25 Sep 2023

Кеншілер еңбегін дәріптеу

24 Sep 2023

Құрметті машина жасаушылар!