09 Мам 2023

Құрметті «Қазақмыс» қызметкерлері және қатысушы өңірлердің тұрғындары!

Сіздерді Отанымыздың қорғаушыларына құрмет ретінде атап өтетін, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 78 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан халқы үшін де жеңіс бағасы тым жоғары болды, сондықтан 9 мамыр-біз үшін соғыста қаза тапқан және қазір өмір сүріп жатқан, алайда саны жыл санап азайып жатқан батырларды еске алып, құрмет көрсету күні. Бұл біздің жеріміздегі бейбіт өмірдің қымбат бағасын мәңгілік еске салады.

Біз бүгін өмір сүріп жатқан уақытымыз оңай деп айта алмаймыз, біздің бүгінгі басты міндетіміз - Қазақстанның игілігі мен Отанымыздың гүлденуі үшін лайықты еңбек ету.

Сіздерге бейбіт аспан, ал болашақ ұрпақ қорқынышты «соғыс» сөзінің мағынасын ешқашан білмесін деп тілейміз!

Құрметпен,

«Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдингі)» ЖШС директорлар кеңесі

Новости по теме

Новости по теме

29 May 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Сапа қызметі және Сапаны дамыту департаменті ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкес сертификатталды

25 May 2023

«Білім беру процесін өндіріспен интеграциялау»

18 May 2023

№ 1 Ванюков пеш кешенінде - күрделі жөндеу

12 May 2023

Тотияйын учаскесіне - 70 жыл !

11 May 2023

Жезқазғанда көгалдандыру акциясы өткізілді

09 May 2023

Ардагерлерді Жеңістің 78 жылдығымен құттықтау