27 Нау 2023

«USTAZ ULYTAU»: БОЛАШАҚ ИНВЕСТИЦИЯСЫ

Жезқазғанда «the Ulytau Educational Foundation» қайырымдылық қорының «USTAZ Ulyta» педагогикалық трансформация орталығы жүзеге асыратын жоба аясында «scientific discovery that can improve the ecology of my native place» мектеп ғылыми жобаларының байқауы өтті.

Image 2

Оған Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының 8-10 сынып оқушылары қатысты.

Оқушылардың жұмыстары ағылшын тілінде орындалды және «Қазақмыс» компаниялар тобы бар өңірлердің, яғни Ұлытау облысының қалалары мен ауылдарының, сондай-ақ Балқаш қаласының экологиялық проблемаларына қатысты болды. Барлық ғылыми жұмыстарға «Қазақмыс», қазақстандық және канадалық жоғары оқу орындарының өкілдерінен тұратын қазылар алқасы өз бағаларын берді.

Финалға ең табысты 11 жоба өтті. Қазылар алқасы баяндаманың мазмұнын, оның презентациясын, сондай-ақ сөз сөйлеушілердің ағылшын тіліндегі ойын жетік жеткізу деңгейін бағалады.

Image 2

Бірінші орынды Сәтпаев қаласының Абай атындағы № 4 мектеп-лицейінің командасы иеленді. Команда Ұлыбританияға оқу мен туризмді біріктіретін екі апталық сапар жолдамалық марапатын алды. Балқаш қаласының Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицей командасы 2- орын алып, «Canada House» базасында білім беру және ойын-сауық бағдарламасы бойынша канадалық Халықаралық мектепке (халықаралық Канада мектебі) Астанаға бір апталық сапар жолдамасын жеңіп алды. Үшінші орынды Жезқазған қаласындағы №8 гимназия оқушылары иеленді, балаларға тарту етілді.

Image 2

Сондай-ақ келесі номинация бойынша төмендегі жеңімпаздар марапатталды:

• The best presentation skills - Сәтбаев қаласы Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназия;

• The best English - Жезқазған қаласы № 1мектеп;

• The best ecological project - Ұлытау ауданы №1 тірек мектебі;

• The best research work - Балқаш қаласы Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі.

Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Image 2

«Ustaz Ulytau» білім беру сапасын арттыру жобасы Қазақмыстың бастамасымен және қолдауымен басталды. Жоба Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш және Ұлытау мектептерін қамтиды. «Ustaz Ulytau» - бұл жаңа саланың болашағына инвестиция түрі. Өйткені, бүгінгі оқушылар мен студенттер болашақ инженер, ғалым, металлург, кенші және дәрігерлер.

Image 2

Новости по теме

Новости по теме

29 May 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Сапа қызметі және Сапаны дамыту департаменті ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкес сертификатталды

25 May 2023

«Білім беру процесін өндіріспен интеграциялау»

18 May 2023

№ 1 Ванюков пеш кешенінде - күрделі жөндеу

12 May 2023

Тотияйын учаскесіне - 70 жыл !

11 May 2023

Жезқазғанда көгалдандыру акциясы өткізілді

09 May 2023

Ардагерлерді Жеңістің 78 жылдығымен құттықтау