20 Нау 2023

Қазақмыста Наурыз мейрамының құрметіне арналған Спартакиада басталды

Бүгін Сәтбаев қаласының «БЖСМ» спорттық-сауықтыру кешенінде «Наурыз мейрамына» орайластырылған «Қазақмыс» компаниялар тобының спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті.

Спорттық іс-шараға барлық өңірлердің қызметкерлері арасынан құрама командалар қатысуда.

Жарыс екі күн бойы Сәтбаев пен Жезқазған қаласының түрлі спорт алаңдарында өткізіледі.  300-ден астам адамнан тұратын Топтың 11 құрама командасы шағын футбол, волейбол, үстел теннисі және қазақша күрес сияқты спорт түрлерінен жарысады. Спорт мерекесі 21 наурызда, «Наурыз мейрамының» бірінші күні жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен аяқталады.

- Спартакиада әрбір жеке қатысушыға ортақ мақсат үшін жұмыс істейтін біртұтас команданың бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Бұл тек спорт алаңында ғана емес, сонымен қатар ең күрделі өндірістік міндеттерді шешуге көмектесетін бірегей тәжірибе, - деді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриев спортшыларға жолдаған сөзінде.

Спартакиада қатысушыларын «Жезқазғанцветмет» ӨБ филиалының бас директоры Бауыржан Баймұханов та қарсы алды. Ол спартакиадада кімге жүлделі орын берілсе де, корпоративтік бірлік пен нағыз командалық рух жеңетінін атап өтті.

«Maker» ЖШС Басқарма төрағасы – «Kazakhmys Smelting» ЖШС Бас директоры Жәнібек Байғабелов спортшыларды жарыстың басталуымен құттықтап, қатысушыларға жақсы көңіл-күй мен жарқын жеңіс тіледі.

Спартакиада «Қазақмыс» компаниялар тобындағы маңызды корпоративтік оқиға болып табылады. Ол біздің қызметкерлеріміздің салауатты және белсенді өмір салтына деген ұстанымын көрсете отырып, корпоративтік мәдениетті нығайтудың, географиясы мен қызмет түріне қарамастан кәсіпорын қызметкерлері арасында тұлғааралық қарым-қатынас орнатудың тиімді құралы ретінде қызмет етеді.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

29 May 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Сапа қызметі және Сапаны дамыту департаменті ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкес сертификатталды

25 May 2023

«Білім беру процесін өндіріспен интеграциялау»

18 May 2023

№ 1 Ванюков пеш кешенінде - күрделі жөндеу

12 May 2023

Тотияйын учаскесіне - 70 жыл !

11 May 2023

Жезқазғанда көгалдандыру акциясы өткізілді

09 May 2023

Ардагерлерді Жеңістің 78 жылдығымен құттықтау