20 Қыр 2022

Көңіл айту

2022 жылдың 19 қыркүйегінде әріптестеріміз – «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС еңбек сіңірген дәрігерлері отоларинголог Виктория Ислямовна Кенжеханова, офтальмолог Бақыт Рашитқызы Қыстаубаева және «Tranco Express» ЖШС автобус жүргізушісі Жанат Маратұлы Қонақбаев қайғылы жағдайда өмірден өтті. Кейінірек, 22 қыркүйекте ауруханада акушер Айдана Амантайқызы Имашева қайтыс болды. Олардың әрқайсысы өмірлерінің ондаған жылын өз кәсібіне арнаған еді.

Image 2

Виктория Ислямовна Кенжеханова БТМК медициналық-санитарлық бөлімінде отоларинголог-дәрігер болып 40 жылға жуық еңбек етті. «Қазақмыстың» медициналық блогы жүйесінде жұмыс істеген жылдары ол компания медицинасының дамуына үлкен үлес қосып, жақсы мамандар тәрбиеледі.

Image 2

Қарағанды медициналық институтын осыдан жиырма жыл бұрын бітірген Бақыт Рашитқызы Қыстаубаева еңбек жолын «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Балқаштүстімет» ӨБ медициналық-профилактикалық кешенінде бастап, өмірінің соңына дейін осында еңбек етті.

Image 2

Имашева Айдана Амантайқызы өмірінің 34 жылын акушер мамандығына арнады. Еңбек жолын Балқаш тау-кен металлургия комбинатының медициналық-санитарлық бөлімінде медбике болып бастады. 2017 жылдан бастап Балқаш қаласындағы "Жезқазған медициналық орталығы"ЖШС емханасының акушері болып жұмыс істеді.

Image 2

Жанат Маратұлы Қонақбаевтың өндірістегі еңбек өтілі зор еді.  Еңбек жолын жиырма сегіз жыл бұрын «Балқашмыс» ӨБ-де бастаған ол компанияның логистика саласындағы ең тәжірибелі қызметкерлердің бірі болды.

Екатеринбург-Қарағанды тас жолында дәрігерлер бригадасын «Шатыркөл» кенішінен кәсіпорын қызметкерлерінің кәсіби қарауынан кейін алып келе жатқан автобус бірнеше адамның өмірін қиған жан түршігерлік жол апатына ұшырады.

 Виктория Кенжеханова, Бақыт Қыстаубаева , Айдана Имашева және Жанат Қонақбаев өмірінің ұзақ жылын еңбекке арнап, ұжымдарында сыйлы, әріптестер арасында зор беделге ие болды. Олардың қазасы – біз үшін үлкен қайғы.

Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. «Қазақмыс» компаниясының ұжымы сіздермен бірге қайғырады. Әріптестеріміз біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Эдуард Огай,

 «Кazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС

Директорлар кеңесінің төрағасы

Новости по теме

Новости по теме

23 Sep 2022

ҚР ТЖМ ЖЕЗҚАЗҒАН БАЙЫТУ ФАБРИКАСЫНДА КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗДІ

22 Sep 2022

ҚР Премьер-министрі Ә. Смайылов Қазақмыс жобаларымен танысты

20 Sep 2022

Көңіл айту

20 Sep 2022

«ҚАЗАҚМЫС» ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ӨМІРІН ҚИҒАН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТУРАЛЫ ҚАЙҒЫРА ХАБАРЛАЙДЫ

06 Sep 2022

«ҚАЗАҚМЫС» ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

02 Sep 2022

2022 ЖЫЛҒЫ 2 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ТАРАҒАН ВИДЕОҒА ҚАТЫСТЫ ХАБАРЛАМА