18 Нау 2021

Директорлар мектебі

Қызметкерлер Біз бүгін

2021 жылғы қаңтарда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Персонал қызметі «Директорлар мектебі» даму бағдарламасының екінші кезеңіне өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, аталған бағдарлама 2019 жылдан бастау алаған және жоғары буын басшыларын даярлау бойынша жетекші корпоративтік бағдарлама болып табылады. Оның қатысушылары үш жыл бойы өздерінің кәсіби білімдерін белсенді түрде толықтырады, айтарлықтай басқарушылық тәжірибеге ие болады, сондай-ақ жеке түрленуден өтеді.

Қазірдің өзінде «Директорлар мектебінің» бірінші кезеңінің қатысушыларында «оң» белгімен бірқатар өзгерістерді байқауға болады. Негізгі өзгерістер арасынан келесілерді атап айтуға болады: шынайы өскен жеке тиімділік көрсеткіштері, айтарлықтай мансаптық көтерілу, ауқымды кросс-функционалды іске асыру мүмкіндіктері және т.б.

Сонымен қатар, «Директорлар мектебінің» екінші кезеңі «оң тәжірибені анықтау және көбейту» қағидатына негізделетін болады. Персонал қызметі қолда бар процестерді сыни тұрғыдан қарастырып, оны қисынды жалғастыру үшін барлық жақсыны жинап, бірінші толқын бағдарламасының әрбір маңызды аспектісіне егжей-тегжейлі талдау жүргізді. Қабылдау нәтижелері бойынша компаниялар тобының 2 000-нан астам қызметкері бағдарламаға қызығушылық танытты. Қатысу үшін кіру критерийлерінің (жас, жұмыс өтілі, білімі, беделдік сәйкестігі) болуын ескере отырып, қарауға 526 өтінім алынды, бұл бірінші қабылдау көрсеткіштерінен 76,6%-ға артық. Әрбір өтінім одан әрі іріктеу бойынша шешім қабылдау үшін Персонал қызметінің мамандары тарапынан мұқият бақылаудан өтті.

Бағдарлама шеңберіндегі іріктеу іс-шаралары кәсіби тестілеу, сұхбат және көпфакторлы бағалау (Ассесмент-Орталық) кезеңдерінен тұратын үш сатылы процесс болып табылады.

Барлық үш кезеңнен сәтті өткен үміткерлер ағымдағы жылдың мамыр айында «Директорлар мектебіне» салтанатты түрде қабылданады. Осы сәттен бастап әрбір қатысушы үшін кәсіби өмірдің жаңа, ерекше кезеңі басталады, оны Персонал қызметі мүмкіндігінше нәтижелі және мағыналы етуге уәде береді.

Новости по теме

Новости по теме

30 Nov 2021

Геологиялық кластердің іргетасын құю басталды

25 Nov 2021

НАҚТЫ ҚАДАМ

24 Nov 2021

Балқаштың даңқты мысы

22 Nov 2021

Qazaq Geophysics-болашағы зор компания!