27 Там 2023

Құрметті Қазақмыс кеншілері мен байытушылары!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Image 2

Байытушылар мен кеншілер-біздің ұжымның үлкен бөлігі. Күн сайын әрқайсыңыз Қазақмыстың өркендеуіне өз үлестеріңізді қосудасыздар.

Жылдың бірінші жартысы Корпорация үшін сәтті болды. Кеншілер жоспарды 101% орындаса, байыту фабрикалары 15,5 млн тонна кен өңдеді. Екі жаңа кеніш - Жайсан мен Қажықонғанда өндіріс жалғасуда. Біз өндірісті ұлғайтып, жұмысшылардың тұрмыстық жағдайын жақсартудамыз. Озық технологияларды қолдана отырып, заманауи кластерлер жасалынуда. Компания басшылығы әр қызметкердің еңбегін лайықты бағалайды, жалақыны көбейтеді және кәсіпорындардағы әлеуметтік пакеттерді жақсартады.

Қазақмыс кеншілері мен байытушыларына ерен еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз! Сіздерге өндірістік көрсеткіштеріңіз жақсарып, өз ісінің нағыз шебері болуларыңызды тілейміз, сұранысқа ие және ертеңгі күнге сенімді болыңыздар ! Естеріңізде болсын, компания үшін ең бастысы – адами ресурстар, сондықтан қауіпсіздік ережелерін сақтау бәріміз үшін басымдық болып қала береді.Сіздерге және сіздің отбасыларыңызға денсаулық, махаббат және барлық игіліктерді тілейміз!

«Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдингі)» ЖШС директорлар кеңесi  

Новости по теме

Новости по теме

03 Oct 2023

2023 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы және 2024 жылға еңбекақыны арттыруға көзқарас туралы

29 Sep 2023

Джуманбаев В.В. мерейтойымен құттықтаймыз!

28 Sep 2023

«Топар ГРЭС» Қарағанды облысында алғашқылардың бірі болып электр желілеріндегі апатты қалыпқа келтірді

27 Sep 2023

ӨНДІРІСТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

25 Sep 2023

Кеншілер еңбегін дәріптеу

24 Sep 2023

Құрметті машина жасаушылар!