15 Жел 2021

Тәуелсіздік күні!

Біз бүгін

Осыдан отыз жыл бұрын еліміз егемендік жолын тауып, картада жаңа мемлекет пайда болды – тұрақтытылыққа, бейбітшілікке, болашаққа ұмтылған!

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында "Қазақмыс" Тобының басшылығы компания ұжымын осы айтулы мерекемен құттықтайды. Біздің компаниямыздың алға қойған мақсаттары көп, оларды жүзеге асыру үшін біздің компанияның тату ұжымдары өз елінің қуатын нығайту үшін жұмыс істейді, өйткені Қазақстанның бірқатар аймақтарында Қазақмыстың кәсіпорындары қала құраушы болып табылады!

Бүгін компания басшылары барша қазақстандықтарды ортақ мерекемізбен құттықтайды!

Image 2

Құрметті Қазақмыстың қызметкерлері!

Біздің кәсіпорындар Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының айтулы күнін екпінді еңбекпен қарсы алды! Жалпы жыл қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштерден асып түседі деп күтілуде. Бүгінде Қазақмыстың басшылығы өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлеріміздің еңбегіне лайықты ақы төлеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Мен барша қазақстандықтарды Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын!

Барлық бастамаларыңызға амандық, өркендеу және табыс тілеймін! Мерекелік дастархан бай болсын, әрқайсыңыздың үйіңізде сүйікті отбасы болсын!

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС

Басқарма төрағасының бірінші орынбасары

А. П. Гайдин

Image 2

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бұл мереке мемлекетіміздің бостандығы мен күшінің символы болып саналады.

Осы айтулы күні Сіздерге зор денсаулық, амандық және тұрақтылық тілеймін! Сіздің үйіңізде әрдайым бейбітшілік, келісім және өзара түсіністік орнасын. Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Отын-энергетикалық кешенінің

Басқарма директоры

В. В. Джуманбаев

Image 2

Құрметті қазақстандықтар, құрметті әріптестер!

Барша ел үшін айтулы күн – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз!

Осыдан тура 30 жыл бұрын Қазақстан халқы үшін тарихи дәуір басталды. Осы жылдар ішінде біздің еліміз нығайып, қуатты, дамушы және демократиялық мемлекет ретінде өз мәртебесіне ие болды. Біздің еліміз халықаралық аренадағы өз ұстанымын нық айқындап, инвестицияларды тарту орталығына айналды. Қазақстан бірегей геологиялық құрылымға ие және үлкен ресурстықа ие. Геологтардың еңбегінің арқасында экономиканың тұрақты дамуын және мемлекеттің материалдық әл-ауқатын қамтамасыз ететін кен орындары ашылды.

Бізді алдымызда еліміздің минералдық-шикізат базасын нығайту және кеңейту мүмкіндіктері күтіп тұрсын! Әр үйде бақыт, өркендеу, денсаулық пен жайлылық болсын деп тілеймін!

Тәуелсіздік Күні құтты болсын!

"Kazakhmys Barlau (Қазақмыс Барлау)"ЖШС

Бас директоры

Г. Ж. Нуржанов

Image 2

Құрметті әріптестер, еңбек ардагерлері!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Балқаш және Жезқазған металлургтері атынан шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар.

Бұл мереке мемлекетіміздің бостандығы мен бірлігінің нышаны болып саналады. Тәуелсіздік жылдарында еліміз ауыр сынақтардан өтіп, әлемдік мойындауға және үлкен прогреске қол жеткізді.

Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және тұрақтылық тілеймін. Әр үйде бейбітшілік, келісім және өзара түсіністік болсын. Тәуелсіздік Күні Құтты Болсын!

"Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС

Бас директоры

Н. К. Нуриев

Image 2

Құрметті әріптестер, Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Бостандықты, күш пен өркендеуді білдіретін мереке.

Аспаныңыз әрдайым таза және жарқын болсын, бүкіл халық бір үлкен отбасы ретінде топтаса берсін. Ел гүлденіп, оның азаматтары жетістікке жетсін. Әр отбасы мен әр үйге келісім, бейбітшілік, түсіністік пен молшылық тілеймін.

"Maker (Мэйкер)" ЖШС

Басқарма Төрағасы

Ж. А. Байғабелов

Осы отыз жыл әрқайсымыздан үлкен еңбекті талап етті. Бірақ, сонымен бірге, біз осы жылдар ішінде елімізде және біздің компанияда қаншама жақсы жаққа өзгерістер болғанын көріп отырмыз.

Сондықтан мемлекеттік мереке құрметіне Қазақмыстың әрбір қызметкерін 30 000 теңге көлемінде сыйақы беру туралы шешім қабылданды.

Тәуелсіздік Күні құтты болсын!

Новости по теме

Новости по теме

21 Jan 2022

Қазақмыс қызметкерлердің жалақысын көтеруге және әлеуметтік жағдайын жақсартуға 100 миллиардтан астам қаржы бағыттайды

11 Jan 2022

Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығының еңбек ұжымымен кездесулері бітімгершілік келісіммен аяқталды.

30 Dec 2021

"Кazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)" ЖШС Директорлар кеңесі төрағасының құттықтауы

30 Dec 2021

"Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасарының құттықтауы

30 Dec 2021

Отын-энергетика кешенін басқару директорының құттықтауы

30 Dec 2021

"Maker (Мэйкер)" ЖШС Басқарма төрағасының құттықтауы