23 Там 2023

Кеншілер кубогы

Жезқазғанда компанияның өндірістік ұжымдары арасында футболдан турнир өтті.

Image 2

Іріктеу ойындары 4 тамызда басталды. Оларға «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Жезқазған және Сәтбаев өнеркәсіп алаңдарының 15 командасы қатысты. Жарыс Play-off жүйесі бойынша өткізілді, онда командалар бас жүлдеге таласты. 

Image 2

Футболшыларды қолдап, қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтауға компанияның топ-менеджерлері келді.

Image 2

Турнир қорытындысы бойынша бас спорттық кубок – Кеншілер кубогы және 1-орынды цифрландыру қызметінің мамандары иеленді. 2-орынды Жезқазған байыту фабрикасының командасы жеңіп алса, құрметті 3-орынды Шығыс-Жезқазған кенішінің спортшылары иеленді. Ойында Досым Әлиханов, Темірхан Сүлейменов, Тәңірберген Шалабайов және Мәди Зәкіржановтар гол соғып, ерекше көзге түсті.

Image 2

Футбол ойынына қатысқан барлық командалар арнайы марапатталып түрлі кубоктар мен медальдармен сондай-ақ үздік ойыншы, үздік қақпашы, үздік шабуылдаушы, үздік жартылай қорғаушы сынды арнайы марапаттарға ие болды. Мерекелік арнайы кеште үздікерге марапаттары табысталып алғыс айтылды.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

03 Oct 2023

2023 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы және 2024 жылға еңбекақыны арттыруға көзқарас туралы

29 Sep 2023

Джуманбаев В.В. мерейтойымен құттықтаймыз!

28 Sep 2023

«Топар ГРЭС» Қарағанды облысында алғашқылардың бірі болып электр желілеріндегі апатты қалыпқа келтірді

27 Sep 2023

ӨНДІРІСТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

25 Sep 2023

Кеншілер еңбегін дәріптеу

24 Sep 2023

Құрметті машина жасаушылар!