22 Мау 2023

«Қазақмыс Барлау» жас геологтардың Республикалық олимпиадасын өткізеді

Алматы облысының Қонаев қаласында жас геологтардың I республикалық далалық олимпиадасы өтеді.

9-14 шілде аралығында жас геологтар әртүрлі геологиялық пәндер бойынша,атап айтсақ - палеонтология, гидрология, радиометрия, минералогия және петрография, пайдалы қазбалар геологиясынан жарысқа түседі.

Олимпиадаға 9-11 сынып оқушыларының ішінен 200 бала, Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен барлығы 16 команда қатысады.

Жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жеке есепте ең көп балл жинаған жас геологтар елдің техникалық жоғары оқу орындарында білім гранттарын алады.

Олимпиаданың басты ұйымдастырушылары – «Жас геолог» корпоративтік қоры және «Kazakhmys Barlau (Қазақмыс Барлау)» ЖШС.

Жас геологтардың республикалық далалық олимпиадасын өткізу Қазақстанның білім беру іс-шараларының күнтізбесінде маңызды оқиға болып табылатын жыл сайынғы дәстүрге айналды. Басты мақсат - геологиялық ғылымдарды зерттеуге көбірек жастарды тарту.

Новости по теме

Новости по теме

03 Oct 2023

2023 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы және 2024 жылға еңбекақыны арттыруға көзқарас туралы

29 Sep 2023

Джуманбаев В.В. мерейтойымен құттықтаймыз!

28 Sep 2023

«Топар ГРЭС» Қарағанды облысында алғашқылардың бірі болып электр желілеріндегі апатты қалыпқа келтірді

27 Sep 2023

ӨНДІРІСТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

25 Sep 2023

Кеншілер еңбегін дәріптеу

24 Sep 2023

Құрметті машина жасаушылар!