26 Қаз 2021

Жұмысшылардың тамақтан улануы туралы «Қазақмыс» компаниясы түсініктеме берді.

Ағымдағы қызмет

22 қазан күні "Абыз" кенішінің бірнеше қызметкері денсаулық сақтау пунктіне хабарласып, хал-жағдайларының нашарлығына шағымданды. Медициналық қызметкерлер тарапынан жедел көмек көрсетіліп, талдаулар алынды, олар дереу санитарлық-эпидемиологиялық станцияға жіберілді.

Шағымданған қызметкерлерді ПТР-зерттеу нәтижелері бойынша барлық нәтижелер теріс және covid-19 жаппай жұқтыру гипотезасын растамайды.

Бүгінгі таңда мамандар тамақтан улану фактісін зерттеп, тамақтану бойынша қызмет көрсететін мердігер ұйымның санитарлық нормаларға сәйкестігін бағалауда.

«Компания тарапынан тамақтан улану фактісі бойынша өндірістік бөлімшелерге тамақ жеткізуді жүзеге асыратын мердігерге қатысты қызметтік тергеу басталды. Бүгінгі таңда жүгінген қызметкерлердің жағдайы қанағаттанарлық, олар медициналық бақылауда. алаңдауға негіз жоқ», - дейді еңбекті қорғау қызметінің өкілдері

Новости по теме

Новости по теме

30 Nov 2021

Геологиялық кластердің іргетасын құю басталды

25 Nov 2021

НАҚТЫ ҚАДАМ

24 Nov 2021

Балқаштың даңқты мысы

22 Nov 2021

Qazaq Geophysics-болашағы зор компания!