17 Шіл 2023

Жезқазғанда өндіріс озаттары құрметке ие болды

Жезқазғанда «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС қызметкерлеріне осы өңірдің басты кәсіби мерекелерінің бірі-Металлургтер күніне арналған құрмет көрсетілді.

«Kazakhmys Smelting» (Қазақмыс Смэлтинг) бас директоры Жәнібек Байғабелов, Жезқазған әкімі Қайрат Шайжанов, кәсіподақ және партия жетекшілері құттықтап, лайықты марапаттарды табыс етті.

Image 2
Image 2

Ең лайықты қызметкерлер кәсіби саладағы елеулі еңбегін айғақтайтын негізгі салалық марапаттарға ие болды. I дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгісіне осы беделді марапаттың толық кавалері атанған күйдіруші Төлеген Салқауов лайық деп танылды. II дәрежелі марапат аға шебер Құрмашева Венера мен сапа инженері Бекбаев Қуанышқа берілді. III дәрежелі белгілерді учаске басшысы Жанболат Жамбетов, аппаратшы-гидрометаллургтер Ғазиз Жылқыбаев пен Макида Садықова, балқытушылар Мұхамбетқали Қалекенов пен Бауыржан Жағыпаров, электромонтер Владимир Лесков және күйдіруші Думан Шайхымбаевтар алды.

Image 2

Ал «Еңбек ардагері» төсбелгісі электродчик Анатолий Черняевқа табысталды.

Image 2

Мұнан соң «Қазақмыс», облыс, қала басшылығынан, Кәсіподақ және партия ұйымдарынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды. Кәсіби мерекеге орай екі жүзден аса Жезқазған металлургтері лайықты марапаттарға ие болды.

Image 2

Новости по теме

Новости по теме

03 Oct 2023

2023 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы және 2024 жылға еңбекақыны арттыруға көзқарас туралы

29 Sep 2023

Джуманбаев В.В. мерейтойымен құттықтаймыз!

28 Sep 2023

«Топар ГРЭС» Қарағанды облысында алғашқылардың бірі болып электр желілеріндегі апатты қалыпқа келтірді

27 Sep 2023

ӨНДІРІСТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

25 Sep 2023

Кеншілер еңбегін дәріптеу

24 Sep 2023

Құрметті машина жасаушылар!