23 Мау 2022

Қазақымыспен қызықты жаз

«Қазақмыс Холдинг» ЖШС Балқаш өндірістік алаңының құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің 8-14 жас аралығындағы 300-ге жуық баласы Қазақстанның ең әдемі орындарының бірі – Бурабайда демалатын болады.

Image 2

Жас балқаштықтар үшін бәрі ертегідегідей саяхаттан басталады. Балқаштан арнайы автобустармен саяхатшылар Сарышаған станциясына, ал одан әрі пойызбен «Эдельвейс -Бурабай» балалар сауықтыру лагеріне барады. Онда әртүрлі жастағы  балалар жаздың бір бөлігін қызықты, көңілді және ұмытылмастай өткізеді. Олардың достары – күн, ауа, су және Бурабайдың сұлулығы болады. 

Қазақмыс өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы мен дамуына үлкен көңіл бөледі және компания үшін жыл сайын балалардың сауықтыру лагерлеріне жолдамалар сатып алу өз қызметіндегі басым міндеттердің бірі болып табылады.

Image 2

Бес жыл ішінде (2015-2019 жылдар) Қазақстанның балалар сауықтыру лагерлерінде ата-аналары компанияда жұмыс істейтін 3 520 бала демалып, денсаулығын түзетті, ал биыл «Эдельвейс – Бурабай» сауықтыру балалар лагерінде 6  дүркін 1450  холдинг қызметкерлерінің  балалары демалады.      

Бұдан басқа, «КәсіпҚорған» кәсіподағы  Балқаш  филиалының желісі бойынша «Қазақмыс Холдинг»  ЖШС кәсіпорындары мен Балқаш алаңы бойынша аутсорсингтік компаниялар қызметкерлерінің 260 баласы Балқаш маңындағы ең әдемі жерлердің бірі – «Бектау-Ата» шатқалында және Балқаш көлінің жағасында орналасқан «Жас қанат» балалар лагері мен республикалық «Балдәурен» оқу- сауықтыру орталығында демалатын болады.

Новости по теме

Новости по теме

05 Jul 2022

"Ustaz Ulytau" жобасы алғашқы қорытындысын шығарды

01 Jul 2022

Ақ жол, түлектер!

29 Jun 2022

ЖЕЗҚАЗҒАН АЛАҢЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ІРКІЛІСТЕРІ ТУРАЛЫ

28 Jun 2022

БАҚ қызметкерлері Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

23 Jun 2022

Қазақымыспен қызықты жаз