03 Мау 2023

«Алтын Гефест 2023» «Призвание» деректі циклі жеңіп алды

«Қазақмыс» баспасөз қызметі мен Atameken Business телеарнасының бірлескен жобасы – «Призвание» деректі циклі «Золотой Гефест 2023» ұлттық салалық сыйлығын жеңіп алды.

Image 2

«Қазақмыс» баспасөз қызметі мен Atameken Business телеарнасының бірлескен жобасы – «Призвание» деректі циклі «Золотой Гефест 2023» ұлттық салалық сыйлығын жеңіп алды. Жоба «Жылдың Медиа жобасы. Теледидардағы ТМК туралы үздік журналистік жұмыс» номинациялары бойынша жеңімпаз атанды. Марапат- Балқаш металлургы Әлімжан Нақыпеков жайлы материалдың авторы, телеарна редакторы Диас Баймұхамедовке табысталды.

Айта кетейік, Atameken Business осы номинацияда екінші жыл қатарынан «Золотой Гефест» сыйлығын жеңіп алып отыр. Өткен жылы Қазақмыстың қызметіне арналған «№29 Элемент» деректі фильмі үздік деп танылған болатын.

«Призвание» деректі циклі қарапайым адамдардың өмірі, олардың бастан кешкен қиындықтары жайлы және жұмыс олардың өмірінің бір бөлігіне айналғаны туралы баяндайды. Жоба- еңбек адамының беделін арттыруға және телекөрермендерді «Қазақмыс» тау-кен металлургия алыбымен, сондай-ақ оның Қазақстан экономикасына қосқан зор үлесімен таныстыруға бағытталған.

2019-2022 жылдар аралығында «Призвание» циклінің 37 шығарылымы эфирге шығып, оған «Қазақмыс» өндірістік кәсіпорындарының 40 - қа жуық қызметкерлері-еңбек сіңірген металлургтер, байытушылар, кеншілер мен энергетиктер қатысты.

Новости по теме

Новости по теме

03 Oct 2023

2023 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы және 2024 жылға еңбекақыны арттыруға көзқарас туралы

29 Sep 2023

Джуманбаев В.В. мерейтойымен құттықтаймыз!

28 Sep 2023

«Топар ГРЭС» Қарағанды облысында алғашқылардың бірі болып электр желілеріндегі апатты қалыпқа келтірді

27 Sep 2023

ӨНДІРІСТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

25 Sep 2023

Кеншілер еңбегін дәріптеу

24 Sep 2023

Құрметті машина жасаушылар!