11 Сәу 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС бас директоры жұмыс сапарымен «Шатыркөл» және «Жайсаң» кеніштерінде болды

«Жайсаң» кенішіндегі жұмыс 2020 жылы басталды. Бүгінгі күні мұнда 230-дан астам қызметкер жұмыс жасайды, оның ішінде тау-кен және күрделі жұмыстарды атқаратын Ғ.Омаров атындағы ШПТ қызметкерлері бар.

Image 2

Қысқа уақыт ішінде шахтада барлық қажеттіліктері бар вахталық қала салынды: 200 адамға арналған жатақхана, асхана, душ бөлмесі, киім ауыстыратын бөлме, шам және медициналық пункт бар. Сондай-ақ, кәсіпорын заманауи тау-кен-шахта техникасымен және жабдықтарымен қамтылған.

Image 2

Сапар барысында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС бас директоры Олег Копытов мердігер компаниялармен келіссөздер жүргізіп, кеніш жұмысшыларымен кездесті. Сондай-ақ, Корпорация басшысы Жайсаң-Шатыркөл кластеріндегі жаңа өңдеу зауытының құрылысымен таныс болды. Осыдан кейін Олег Копытов кеніштерге түсіп, Жайсаң және Шатыркөл кеніштеріндегі бұрғылау жұмыстарының барысы және басқа да жағдайлармен жан-жақты танысты.

Image 2

Зауыт барлық заманауи стандарттар бойынша салынуда, ӘТК және әкімшілік орталықтар түрік әріптестерінің технологиялары бойынша салынған. Байыту фабрикасында 250-ден астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ете отырып, Жайсаң және Шатыркөл екі кенішінен кен өңдеу жоспарлануда.

Новости по теме

Новости по теме

29 May 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Сапа қызметі және Сапаны дамыту департаменті ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкес сертификатталды

25 May 2023

«Білім беру процесін өндіріспен интеграциялау»

18 May 2023

№ 1 Ванюков пеш кешенінде - күрделі жөндеу

12 May 2023

Тотияйын учаскесіне - 70 жыл !

11 May 2023

Жезқазғанда көгалдандыру акциясы өткізілді

09 May 2023

Ардагерлерді Жеңістің 78 жылдығымен құттықтау