13 Сәу 2023

Ұлы ғалымды еске алу күні

Академик, геолог, қоғам қайраткері және зерттеуші Қаныш Сәтбаев 124 жасқа толды.

Image 2

Жезқазғанда ғалымның туған күні дәстүр бойынша атап өтілді: ақсақалдар, қоғам қайраткерлері, әкімдік өкілдері, «Қазақмыс» қызметкерлері, педагогтар мен оқушылар Ұлы зерттеушіге құрмет көрсету және оның мемориалына гүл шоқтарын қою үшін Қаныш Сәтбаев ескерткішінің жанына жиналды. Бұл шара халықты жақындастырып, жастарды бай тарихымызды, батырларымызды құрметтеуге үйретеді.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев-Қазақ КСР Ғылым Академиясының негізін қалаушы және Тұңғыш Президенті. Оның бастамасы бойынша қазіргі Ұлытау облысының аумағында мыс, күміс және басқа да пайдалы қазбалардың кен орындары табылды.

 «Қазақмыс» Қаныш Сәтбаевқа ерекше құрметпен қарайды. Өйткені, ғалымның ашқан жаңалығының арқасында Қазақстан мыс өндіру саласындағы алдыңғы қатарлы елдердің біріне айналып, бүгінде мыңдаған адам аты аңызға айналған академиктің ісін жалғастырып, тау-кен металлургия саласында табысты еңбек етуде.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

29 May 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Сапа қызметі және Сапаны дамыту департаменті ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкес сертификатталды

25 May 2023

«Білім беру процесін өндіріспен интеграциялау»

18 May 2023

№ 1 Ванюков пеш кешенінде - күрделі жөндеу

12 May 2023

Тотияйын учаскесіне - 70 жыл !

11 May 2023

Жезқазғанда көгалдандыру акциясы өткізілді

09 May 2023

Ардагерлерді Жеңістің 78 жылдығымен құттықтау