03 Сәу 2023

Қазақмыс геологтар күнін атап өтті

«Қазақмыс» компаниялар тобының құрамына кіретін«Kazakhmys Barlau»ЖШС және «Qazaq Geophysics» ЖШС компанияларының ұжымы Қарағанды облысындағы Көктас-Шарықты далалық телімінде геологтар күнін атап өтті.

Сондай-ақ, салтанатты іс-шара «Kazakhmys Barlau»ЖШС-нің Астана және Жезқазған қалаларындағы кеңселерінде де ұйымдастырылды.

Дәстүр бойынша үздік қызметкерлерді Алғыс хаттармен, Құрмет грамоталарымен және үздік белгілерімен, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапаттау рәсімі өтті. Мереке күні компанияның 21 қызметкерінің еңбегі ерекше  атап өтілді.

«Геолог – бұл мамандық емес, геолог – бұл кәсіп! Сіздердің әрқайсыларыңыз өзі сінің кәсіби маманысыздар және бұл біз мақтан тұтатын компанияларымыздың ең мықты тұсы!» - деді«Kazakhmys Barlau»ЖШС Бас директоры Ғалым Нұржанов.

Зерттеу, аэрогеофизика/жерүсті Геофизика сысаласындағы ірі компаниялар болып табылатын«Kazakhmys Barlau»ЖШС және«QazaqGeophysics»ЖШС-да 730-дан астам маман жұмыс істейді, оның ішінде: 130 геолог, 40 геофизик және 200-ден астам бұрғылаушы маманы бар.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

29 May 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Сапа қызметі және Сапаны дамыту департаменті ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкес сертификатталды

25 May 2023

«Білім беру процесін өндіріспен интеграциялау»

18 May 2023

№ 1 Ванюков пеш кешенінде - күрделі жөндеу

12 May 2023

Тотияйын учаскесіне - 70 жыл !

11 May 2023

Жезқазғанда көгалдандыру акциясы өткізілді

09 May 2023

Ардагерлерді Жеңістің 78 жылдығымен құттықтау