20 Қаз 2021

21-23 қазанда Жезқазғанда "гүлденген аллея" акциясы өтеді

Өңірлерді дамыту

Акция аясында Жезқазған қаласының оқу орындарының аумағында гүлдейтін ағаштар мен бұталардың 300 көшеті отырғызылады. Акцияны ұйымдастырушылар - "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС атап өткендей, бұл акцияның мақсаты - көгалдандыру арқылы мектеп ғимаратының айналасында да, оның ішінде де қолайлы білім беру ортасын құру.

Image 2

Акцияға №1, 3, 4 мектептер, Қаныш Сәтпаев атындағы №7 мектеп-лицей, №26 Гимназия және балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы қатысады. Оқу орындарының аумағында жабайы алма, ағаш тәрізді шие, сирень, бөріқарақат, итмұрын отырғызылады – олар келесі жылы гүлдерімен мектептерді қуантады. Мектеп аулаларында сәнағаш және павловния сияқты жаңа өсімдіктер пайда болады. Өкінішке орай, жезқазғандықтар бұл ағаштардың ерекше әдемі гүлденуін тек 3-5 жылдан кейін көре алады.

Қатысушы мектептердің көшеттерінен басқа кабинетті көгалдандыруға арналған жабық өсімдіктер жиынтығы беріледі.

21 қазан күні сағат 10:00-де №4 мектепте (Алашхан көшесі, 15) өтетін Жезқазған қаласының бұқаралық ақпарат құралдарын (СМИ) акцияның салтанатты ашылуына шақырамыз.

Анықтама үшін тел.:+7 705 759 99 09 – Ирина Игнатович

Новости по теме

Новости по теме

30 Nov 2021

Геологиялық кластердің іргетасын құю басталды

25 Nov 2021

НАҚТЫ ҚАДАМ

24 Nov 2021

Балқаштың даңқты мысы

22 Nov 2021

Qazaq Geophysics-болашағы зор компания!