05 Шіл 2023

БМЗ металлургиялық пештерін жөндеу цехына - 60 жыл

Шілде айының басында "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытының металлургиялық пештерді жөндеу цехы (МПЖЦ) өзінің 60 жылдығын атап өтті.

Image 2

Жарты ғасырдан астам уақыт бойы Балқаштың мыс алыбында ең ауыр және күрделі кәсіптердің бірі – металлургиялық пештерді жөндеу цехының пеш қалаушы мамандары еңбек вахтасын атқарып келеді. ВП-1 және 2 қондырғыларының жұмыс істеуі және жоғары сапалы өнім – катодты мыс өндірісі, толығымен олардың шебер қолдары мен шымырлығы, кәсіби шеберлігі мен ептілігіне байланысты. Дәл осы цех зауыттың барлық металлургиялық өндірісінің тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Image 2

Атаулы күнге арналған салтанатты іс-шара Қазақмыс политехникалық колледжінің жыйын залында өтті. Осы күні салтанатты шараға қатысушылар – цех қызметкерлері мен ардагерлерін «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Жәнібек Байғабелов, техникалық директор Гүламидин Камирдинов, БМЗ директоры Ербол Айбеков, Балқаш алаңы бойынша кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақтияр Сүлейменов құттықтады.

Image 2

Осы мереке күні үздіктер мінсіз еңбегі және жалпы цех пен кәсіпорынның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Image 2

Алты бірдей пеш қалаушы маманға қала әкімінің алғыс хаттары және "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС Бас директорының Құрмет грамоталары табысталды. "Үздік бригадир", "Үздік шебер", "Тәлімгер" және "Жас маман" номинацияларында цехтың 13 қызметкері құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, 11 адам Балқаш алаңы бойынша "кәсіподақ қорғаны" ҚБ кәсіподақ комитетінің құрмет грамоталарына ие болды. Аталмыш іс-шарада қаланың әртістері мен би топтарының өнерлері тамашаланды

Image 2

Ләззат Смағұлова

Новости по теме

Новости по теме

03 Oct 2023

2023 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы және 2024 жылға еңбекақыны арттыруға көзқарас туралы

29 Sep 2023

Джуманбаев В.В. мерейтойымен құттықтаймыз!

28 Sep 2023

«Топар ГРЭС» Қарағанды облысында алғашқылардың бірі болып электр желілеріндегі апатты қалыпқа келтірді

27 Sep 2023

ӨНДІРІСТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

25 Sep 2023

Кеншілер еңбегін дәріптеу

24 Sep 2023

Құрметті машина жасаушылар!