29 Нау 2023

Қазақмыс Ұлытау облысын абаттандыру жобаларын ұсынды

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлына Кеңгір су қоймасының жағалауын, Қ.И. Сәтпаев атындағы алаңды және Жезқазған қаласындағы Иманжанов көшесі бойындағы скверді абаттандыру бойынша тұжырымдама мен эскиздік жобаларды таныстырды.

Image 2

Нұрахмет Нұриевтің айтуынша, жобалар тұрғындар үшін қолайлы  демалыс орнын құруды көздейді.

Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы өз кезегінде жергілікті ландшафттарды барынша сақтай отырып  көгалдандыру мен суару мәселесін қарастыру қажеттігін атап өтті.

Image 2

Бұл жобалар «Қазақмыс» компаниялар тобы мен Ұлытау облысының әкімдігі арасында қол қойылған өзара түсіністік және ынтымақтастық  меморандумы шеңберінде іске асырылатын болады. Құжатқа сәйкес, компания Жезқазған, Сәтбаев қалаларында және Ұлытау ауданында жалпы сомасы 35 млрд. теңгеге ондаған жобаны іске асыруда. Меморандум аясында алдағы жылдары өңірде әлеуметтік-мәдени нысандар, оның ішінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Жезқазған қаласындағы қала жағалауы мен балабақша құрлысы, Сәтбаев қаласында емхана мен травматологиялық пункт салынады. Сондай-ақ, Қазақмыс «Кеңгір» су қоймасының жағасындағы құрлысы ұзаққа созылған  мешітті аяқтайтын болды.

Меморандумның негізгі мақсаты Ұлытау облысының инфрақұрылымы мен абаттандырылуын дамытуда тараптардың өзара қолдауы мен белсенді ынтымақтастығын нығайту болып табылады.

Новости по теме

Новости по теме

29 May 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Сапа қызметі және Сапаны дамыту департаменті ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкес сертификатталды

25 May 2023

«Білім беру процесін өндіріспен интеграциялау»

18 May 2023

№ 1 Ванюков пеш кешенінде - күрделі жөндеу

12 May 2023

Тотияйын учаскесіне - 70 жыл !

11 May 2023

Жезқазғанда көгалдандыру акциясы өткізілді

09 May 2023

Ардагерлерді Жеңістің 78 жылдығымен құттықтау