19 Қаз 2022

Балықтандыру

Кеңгір су қоймасы 370 мың сазанмен толықты. Бұл іс-шара «Жезқазғантүстімет» ӨБ ұйымдастырған экологиялық акция аясында жүзеге асты.

Image 2

Қазіргі уақытта өзіндік ерекшелігі және  көп салалы мақсаты бар шағын су айдындарын балық шаруашылығымен игеруге ерекше назар аударылады. Бұл әсіресе Жезқазған қаласы сынды құрғақ аудандарға қатысты.

«Балықтандыру  Кеңгір су қоймасында олардың популяциясын сақтау үшін балықтардың тұрақты санын қолдау мақсатында жүргізіледі», - деп түсіндірді «Қазақмыс корпорациясы»  ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы  Лаура Сатыбалдина.

Балықтандырудың  түрі мен мөлшерін анықтау үшін 2021 жылы «Қазақмыс корпорациясы»  ЖШС-нің өтінімі бойынша «Қазақ балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС мамандарын  тарта отырып, ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша гидрологиялық, гидрохимиялық, гидробиологиялық және өзге де сипаттамаларды ескере отырып, Кеңгір су қоймасын балықтандыру бойынша ғылыми ұсынымдар берілді.

Балықтандыруды «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС мамандары Қапшағайда  уылдырық шашу–өсіру шаруашылығы  негізінде жүргізді. Жалпы көлге жіберілген сазанның саны – 370 000 дана, салмағы кемінде 20 грамм. Кеңгір су қоймасының №2 учаскесі балықтандыру  орны болып белгіленді.

 370 000 дана, салмағы кемінде 20 грамм. Кеңгір су қоймасының №2 учаскесі балық аулау орны болып белгіленді.

Балықтандырудың барлық процесі ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «Ұлытау облысы бойынша балық шаруашылығы қауымдастығы»  және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өкілдерінің комиссиялық бақылауымен жүзеге асырылады.

Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

25 Nov 2022

ТУҒАН КҮНІҢМЕН, БАЛҚАШ МЫСЫ!

22 Nov 2022

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевқа ашық хат

10 Nov 2022

САПАЛЫ ЖҰМЫС ҮШІН – МАРАПАТ

10 Nov 2022

Қазақмыс экономиканың заманауи сын-қатерлеріне сәйкес келуге ұмтылады

09 Nov 2022

Жаңа мурал Жезқазған байыту фабрикасының аумағына сән беріп тұр

08 Nov 2022

Австралиялық геологтар Қазақмыс кен орнында болды