16 Қыр 2021

Ылғи да жымиып жүретін адам

Қызметкерлер Біз бүгін

Балқаш кен-байыту фабрикасы ұнтақтау цехының конвейер машинисі Любовь Владимировна Хазова үнемі күліп жүреді. Не істесе де жымия жүріп оптимизммен жасайды. Оның жетістіктерінің сыры да осында шығар, кім білсін?

Image 2

Ол Балқашта туып-өсті. Қалада үлкен, өзі үшін жұмбаққа толы тау-кен металлургия комбинаты барын бала кезінен білетін.

Жоғарғы сыныпта оқып жүргенде бұл туралы шындап ойлана бастадым. Біздің кен-металлургия комбинатының тұрақты, табысты кәсіпорын екенін жақсы білетінмін ол кезде. Бірақ еңбек жолын түсті металл өңдейтін зауыттан бастадым. Кен-байыту фабрикасына кейінірек ауыстым, - деді Любовь Хазова өткен өміріне ойша көз жүгіртіп. Содан бері қырық жылға жуық уақыт өтіпті. Ол бүгінгі күні де «Балқаштүстімет» ӨБ Балқаш кен-байыту фабрикасының ұнтақтау цехында конвейер машинисі боп еңбек етеді.

Цехқа алғаш келген күні таңданысымда шек болмады. Қандай алып кәсіпорын! Сырттай бақылау – бір басқа да, оны тірілей көру, ішіне кіру – мүлдем басқа дүние екен ғой, - дейді Любовь Владимировна.

Алғашқы тәлімгері Ирина Оттовна Шмельцэден үйренгені көп. Ол Любовь Владимировнаны кәсіптің қыр-сырына қанықтырды. Тәртіпке бағынуды, еңбек қорғау мен өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарын бұлжытпай орындауды Ирина Шмельцэден үйренді.

Image 2

40 жылдан астам уақыттан бері конвейер машинисі болып істеп келе жатсам да үйренерім көп, әлі күнге дейін үйреніп келемін. Жұмыс қарапайым болғанымен ішіңді пыстырмайды. Кейде тапқырлықты, тез арада шешім қабылдауды қажет ететін жағдайлар да болады. Брақ мен жақсы ұстаздардан тәлім алған адаммын, көргеніме сүйеніп, үйренгенімді істеймін. Сол үшін тәлімгерлеріме айтар алғысым шексіз. Ол кезде ұнтақтау цехына Леонид Пономаренко жетекшілік ететін. Тамаша маман, талапшыл әрі өте әділ адам. Сонымен қатар мен Людмила Бахмайер, Евдокия Трофимова, Нина Сымщикова, Галина Ишмаметова, Зинаида Визнеева, ағайынды Илья мен Ғазиз Жұманбаевтар сынды білгір мамандармен жұмыс істедім. Николай Щукинмен әлі күнге иық тірестіріп қызмет етіп келеміз. Ал Ғазиз Мұхтаров кәсіби шеберліктің шыңына осы кәсіпорын қабырғасында жүріп шықты, қазір біздің байыту фабрикамыздың директоры. Фабрикамыз үлкен, тірлігі қым-қуыт. «Саяқ», «Шатыркөл», «Нұрқазған», «Ақжал» сынды кеніштердің кенін өңдейміз, - дейді Любовь Хазова.

Біздің бригадиріміз Нұрсұлтан Қызыров туралы жазуды ұмытып кетпеңіз. Жас, жасы небәрі 34-те, бірақ жұмыстың ғана емес, күллі фабрикадағы технологиялық процестің қыр-сырына қаныққан, білікті маман. Ақылды азамат! – деп қосты Любовь Владимировна.

Image 2

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз, өндіріс озаты Любовь Хазованың портреті кен-байыту фабрикасының кіреберісіндегі құрмет тақтасында ілініп тұр. Биыл ол салалық ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденіне ұсынылды.

Любовь Владимировнадан бос уақытыңызда не істейсіз деп сұрадық. Айтуынша, бос уақыт жоқ, қолы қалт еткенде немересі Златаға көңіл бөледі. Құймақ пісіргенді ұнатады. Жаны сүйетін хоббиі – саяжайда демалу және тоқыма тоқу. Себебі, әу баста топырақтан жаралған адам баласы үшін жер егіп, жермен сырласудың орны бөлек.

Жалпы, мен табиғатынан оптимист адамын. Болмашыға жабығып, көңіліңді түсірудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Әрдайым күліп жүр, сонда шешілмейтін мәселе болмайды. Ал, шешілмейтін нәрсе сен қайғырсаң да шешімін таппайды, — деді Любовь Хазова.

Ләззат СМАҒҰЛОВА,

Балқаш

Новости по теме

Новости по теме

27 Oct 2021

Инновациялық және заманауи

26 Oct 2021

Қарсақпай металлургия зауытына-93 жыл

26 Oct 2021

Жұмысшылардың тамақтан улануы туралы «Қазақмыс» компаниясы түсініктеме берді.

25 Oct 2021

Тау-кен саласындағы беделді «Алтын Гефест» байқауының жеңімпаздары марапатталды

25 Oct 2021

Еңбек жолы - Нұрлан Әбусақов, электролиз маманы, Жезқазған