18 Қаз 2022
«Қазақмыста» спорттың 8 түрі бойынша үздік спортшылар анықталды
«Кәсіп Қорған» ҚБ «Жастар болашақ» жастар одағымен бірлесіп, «Kazakhmys Holding» ЖШС (Қазақмыс Холдинг) Жезқазған өнеркәсіптік алаңы бойынша барлық құрылымдық бөлімшелер арасында спорттың 8 түрі: волейбол, мини-футбол, баскетбол, үстел теннисі, пауэрлифтинг, армрестлинг, футзал және жүзу бойынша III жыл сайынғы спартакиада өткізді. Спорттық іс-шараларға аутсорсингтік және сабақтас кәсіпорындардың командалары да қатысты.
Мини-футболдан бірінші орынды Жезқазған мыс балқыту зауытының ойыншылар командасы, екінші орынды «Тranco Exspress–Жезқазған» спортшылары, ал үшінші орынды «Жезқазғанцветмет» ӨБ №1,2 Жезқазған байыту фабрикасының қызметкерлері иеленді.
Баскетбол бойынша «Kazakhmys Maintenance Services (Қазақмыс Мейнтенанс Сервисиз)» ЖШС командасы үздік атанды. Екінші және үшінші орындарды тиісінше Жезқазған мыс балқыту зауыты мен Шығыс Жезқазған кенішінің командалары бөлісті.
Волейболдан «алтынды» №1,2 Жезқазған байыту фабрикасының спортшылары иеленді. «Күміс» құю-механикалық зауытының командасына бұйырса, «қола» Жезқазған мыс зауытының волейболшыларына кетті.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ерлер арасындағы армрестлинг жарысында ЖМЗ балқыту цехының қож жинаушысы Ерасыл Әмірғали ең мықты болып, екінші орынды Шығыс Жезқазған кенішінен Ғалым Қожаберген, үшінші орынды энергетикалық жабдыққа сервистік қызмет көрсету жөніндегі Энергетика басқармасынан Бағдат Ордашбаев жеңіп алды.
80 келіден астам салмақ дәрежесінде жеңімпаздар үштігін Г. О. Омаров атындағы шахта трестінен Мирас Қожабаев басқарды. Екінші орынды Шығыс Жезқазған кенішінің қызметкері Ғалым Қожаберген, ал үшінші орынды «Tranco Express-Жезқазған» Азат Жанғабұлов иеленді.
Пауэрлифтингтен әйелдер арасында мыс электролиз цехының кран машинисі Анастасия Жалалова жеңіске жетіп, екінші орынды Жылу энергетикасы кәсіпорнынан Мария Бучацкая иеленді, үшінші орын Сәтбаев жылумен жабдықтау кәсіпорнынан Гүлнұр Дүйсенбековаға бұйырды.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде пауэрлифтингте «алтынды» Сәтбаев жылумен жабдықтау кәсіпорнының қызметкері Еділ Бримжанов, «күмісті» ЖМЗ футеровка жұмыстары цехының қызметкері Аман Жақаев, ал «Қорғау қызметі» Жезқазған филиалының қызметкері Рүстем Әбдімбеков «қоланы» еншіледі.
80 келіден жоғары санатта тиісінше 1 және 3 орын алған «Қазақмыс Мейнтенанс Сервисизінің» Александр Цой мен Рустам Арманшин ең мықты пауэрлифтирлер деп танылды, ал 2 орын Жылу энергетикасы кәсіпорнының қызметкері Илья Московкиннің енішінде.
Үстел теннисінде Жезқазған қаласының Жөндеу-механикалық мамандандырылған басқармасы Қуанжан Әлмағамбетов, мыс электролиз цехының катодшысы Қуаныш Маргарапов және «Жомарт» кенішінен Айдос Қалихан жеке біріншілікте өзінің ептілігін көрсетті.
Қазір спартакиаданың барлық қатысушылары футзал мен жүзу жарыстарына дайындалуда.
Спортшыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!







