21 Жел 2022

Құрметті отын - энергетика кешенінің қызметкерлері, әріптестер!

Сіздерді кәсіби мереке - энергетиктер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Энергетика саласы ең маңызды және күрделі салалардың бірі болып саналады. «Қазақмыс» компаниялар тобының өнеркәсіптік кәсіпорындарының, әлеуметтік сала объектілерінің тұрақты жұмысы және өңірлердегі адамдардың өмір сүруінің қолайлы жағдайлары энергетиктердің күнделікті еңбегіне тікелей байланысты.

Құрметті энергетиктер! Биыл бүкіл Қазақстан біздің қатарымызда қандай лайықты адамдар еңбек ететінін білді. Отын - энергетика кешені мамандарының арқасында Екібастұз қаласының жылу желілері мен ЖЭО апаттарының салдары жойылды. Біздің шеберлердің күшімен 19 көппәтерлі үй мен 3 әлеуметтік нысан жылуға қосылды, 480 метр құбыр орнатылды, 1400 метр магистральдық желі жылытылды және жөнделді. Төтенше жағдайда көрсеткен кәсібилігі мен жанқиярлық еңбегі үшін біздің мамандарға шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздер біздің компанияның мақтанышысыздар!

Құрметті энергетиктер! Сіздердің кәсібиліктеріңіз, білімдеріңіз және жұмыста жоғары тиімділікке қол жеткізуге деген ұмтылыстарыңыз өндірістік міндеттерді сәтті шешуге ықпал етеді. Энергетиктер күні сіздерге апатсыз жұмыс, барлық бастамаларды табысты аяқтау, табыс, мықты денсаулық пен амандық тілеуге рұқсат етіңіздер!

Құрметпен,

«Қазақмыс» компаниялар тобының

директорлар кеңесі

Новости по теме

Новости по теме

25 Jan 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сапа қызметінің сапа саласындағы саясаты және мақсаттары

23 Jan 2023

«JasSkills Kazakhmys 2023»

17 Jan 2023

«ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ САЯСАТЫ

06 Jan 2023

Жәнібек Байғабелов «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды

30 Dec 2022

«Қазақмыс» компаниялар Тобы Директорлар кеңесінің жаңа жылдық құттықтауы

23 Dec 2022

«ҚАЗАҚМЫСТЫҢ» ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚОНЫСТАНУШЫЛАРЫ