09 Қар 2021

БІРЕГЕЙ ХАДЖИКОНГАН

Ағымдағы қызмет Өндірісті жаңғырту

Қазақмыс жаңа кен орнында жұмыс істей бастады

Image 2

Ботақара кентінен (бұрынғы Ульяновский) 27 км қашықтықта орналасқан мыс кенін алғашқы барлау 60-шы жылдардың соңында жүргізілді. 2013 жылы зерттеулер қайта басталды. Қазіргі есептеулер бойынша Хаджиконган кен орнында орташа мыс құрамы 1,52% болатын 6 млн.тоннаға жуық кен бар, оның ішінде шамамен 1 млн. тонна тотыққан кен және құрамында мыс 1,58% болатын 5 млн. тонна сульфидті кен бар.

Негізгі кен денелерінің жер бетінде ыңғайлы орналасуы, бұл қорларды ашық әдіспен өңдеуге мүмкіндік береді, Мыстың жоғары мөлшері және сульфидті кенді өңдеудің қарапайым технологиясы Хаджиконган кен орнын игерудің жоғары рентабельділігіне әсер етті.

Image 2

2021 жылдың шілде айынан бастап "ҒӨК Интеррин" ЖШС мердігерлік ұйымы өнеркәсіптік алаңда вахталық қалашық, кеңсе, киім ілетін орын, себезгі және асхана ұйымдастырып, "Хаджиконган" карьерінде аршу жұмыстарына кірісті. Электр генераторы іске қосылды, интернет жүргізілді, жабдықтар паркіне қызмет көрсету үшін мобильді Пит-Стоп орнатылды. Алаң ішінде жүретін жолдардын, кен үйінділерін жоспарладық және қалыптастырдық, су тасқынына қарсы арықтарды ресімдедік, тіпті эстакадасы бар БӨП орнатуға жәрдем көрсеттік.

- "Қарағандытүстімет" өндірістік бірлестігі металл мен кен өндірудің есебін жүргізуге мүмкіндік беретін геологиялық және техникалық сүйемелдеуді өзіне қалдырды. Инженерлік-техникалық қызмет жобалық шешімдерге сәйкес тау - кен жұмыстарының көлемі мен сапасына бақылау жүргізеді, - деп хабарлады өндірістік бірлестіктің техникалық бөлім бастығы Аида Усманова.

Image 2

– 2021 жылдың соңына дейін кен қоймасына 400 мың тоннадан астам ілеспе тотыққан кенді тиеп, 3,5 млн.текше метрге дейін аршу жұмыстары жоспарланған. Келесі жылы Хаджиконган кен орны 200 мың тонна көлемінде алғашқы сульфидті кенді береді. Ал 2023 жылы карьер өзінің жобалық қуаттылығына - жылына 920 мың тонна сульфидті кен шығарады және 2028 жылға дейін Қарағайлы фабрикасын сапалы шикізатпен "қоректендіретін" болады.

Жаңа кен орнының ашылуы осы өңірдің және бүкіл Қазақстанның мамандарына жұмыс орындарын алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда мердігер ұйым құрамына Қарағанды және Ақмола облыстарынан 170-ке жуық адам тартылды. Ал корпорацияға геологиялық және техникалық сүйемелдеу мен бақылау жүргізу үшін инженерлік мамандықтардан 18-ге жуық маман қабылданды. Тау-кен жұмыстары көлемінің дамуы мен кеңеюімен және жұмыс орындарымен қамтамасыз ету өсе түседі, ал онымен бірге бүкіл өңірдің әл-ауқаты артатын болады.

Новости по теме

Новости по теме

30 Nov 2021

Геологиялық кластердің іргетасын құю басталды

25 Nov 2021

НАҚТЫ ҚАДАМ

24 Nov 2021

Балқаштың даңқты мысы

22 Nov 2021

Qazaq Geophysics-болашағы зор компания!