02 Қыр 2022

2022 ЖЫЛҒЫ 2 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ТАРАҒАН ВИДЕОҒА ҚАТЫСТЫ ХАБАРЛАМА

Жезқазған қаласының әлеуметтік желі пабликтерінде тараған бейнежазбаға қатысты келесіні хабарлаймыз.

Жезқазған мыс қорыту зауытында екі кен термиялық пеш (КТП) пен төрт конвертер жұмыс істейді.

Жоспарлы жөндеу кестесіне сай, 2022 жылғы 13 тамыздан бастап №2 КТП күрделі жөндеуге тоқтатылған. Пешті іске қосу 2022 жылғы 13 қыркүйекке жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 2022 жылғы 2 қыркүйекте жоспарлы-алдын алу жөндеу (ЖАЖ) кестесі аясында №1 КТП сағат 07.30-дан 11.40 сағатқа дейін тоқтатылды. Мыс балқыту зауытының төменгі режимдегі жұмысына сай төрт конвертердің тек біреуі ғана үрленіп отыр.

Сонымен қатар, ҚР Экологиялық кодексінің 210-бабында қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) кезеңінде атмосфералық ауаға эмиссияларды төмендету бойынша талаптар, бақылау әдістері, ақпарат беру тәртібі көзделген. Қазіргі уақытта кәсіпорындар «Қазгидромет» РМК сайты арқылы ҰМУ режимі туралы мәліметтері бар ақпараттық бюллетеньдерге қол жеткізе алады. 2022 жылғы 2 қыркүйекте МЕҰ туралы мәліметтер түскен жоқ.

Жезқазған қаласында атмосфералық ауаның ластану деңгейін бақылау мына мекенжайлар бойынша 3 бақылау бекетінде жүргізіледі: № 1 бекет – М.Жәлел көшесі, 4 «в», № 2 бекет – Сарыарқа көшесі, 4 «г» және № 3 бекет –Желтоқсан көшесі, 481. Бақылау нәтижелеріне сәйкес бекеттер бойынша нормадан асып кету байқалмайды.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Экология мәселелері «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС үшін басты аспект болып табылады. Компания тоқсан сайын шығарындылар нормативтерінің сақталуына өндірістік-экологиялық мониторинг жүргізеді, оның барысында ластаушы заттар бойынша асып кетулер анықталған жоқ.

Құрметпен,

«Қазақмыс Холдинг» ЖШС

баспасөз қызметі

Фото: В.И. Шавнев

Новости по теме

Новости по теме

23 Sep 2022

ҚР ТЖМ ЖЕЗҚАЗҒАН БАЙЫТУ ФАБРИКАСЫНДА КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗДІ

22 Sep 2022

ҚР Премьер-министрі Ә. Смайылов Қазақмыс жобаларымен танысты

20 Sep 2022

Көңіл айту

20 Sep 2022

«ҚАЗАҚМЫС» ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ӨМІРІН ҚИҒАН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТУРАЛЫ ҚАЙҒЫРА ХАБАРЛАЙДЫ

06 Sep 2022

«ҚАЗАҚМЫС» ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

02 Sep 2022

2022 ЖЫЛҒЫ 2 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ТАРАҒАН ВИДЕОҒА ҚАТЫСТЫ ХАБАРЛАМА