22 Қаз 2022

Мемлекет басшысы «Қазақмыс» ардагерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды

Қызметкерлер Біз бүгін

Бүгін Ақордада Республика күніне орай өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады. Олардың қатарында «Қазақмыс» компаниялар Тобы кәсіпорындарының ардагерлері де бар.

«Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Жезқазған мыс қорыту зауытының ардагері, зауыттағы Әйтеновтер әулетінің өкілі Мұханбет Әйтенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін, «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС Сәтбаев қаласы Жылу энергетика кәсіпорнының ардагері Жұмакелді Бердібаев ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін алды.

Салтанатты жиында өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа материалдық өндіріс салаларының барлығы 76 еңбеккері «Еңбек ждаңқы» орденімен марапатталды.

Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

25 Nov 2022

ТУҒАН КҮНІҢМЕН, БАЛҚАШ МЫСЫ!

22 Nov 2022

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевқа ашық хат

10 Nov 2022

САПАЛЫ ЖҰМЫС ҮШІН – МАРАПАТ

10 Nov 2022

Қазақмыс экономиканың заманауи сын-қатерлеріне сәйкес келуге ұмтылады

09 Nov 2022

Жаңа мурал Жезқазған байыту фабрикасының аумағына сән беріп тұр

08 Nov 2022

Австралиялық геологтар Қазақмыс кен орнында болды