09 Қар 2022

Жаңа мурал Жезқазған байыту фабрикасының аумағына сән беріп тұр

«Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған байыту фабрикасының №1 ұсақтау цехының ғимаратына жаңа мурал салынды. Муралда Ұлытаудағы «Ұлт бірлігі» монументі, көкте қалықтаған қыран мен ұлттық орнаменттер көрініс тапқан.

Image 2

Сонымен қатар, фабрика аумағындағы жоғары вольтты шиналар галереясының қабырғасына Абай Құнанбайұлының «Берекені көктен тілеме, еңбектен тіле» деген нақыл сөзі жазылып, Ұлытау көріністері бейнеленген.

Мурал авторлары жұмыс барысында экофасад бояулары қолданылғанын, муралдардың жауын-шашынға төзімділігін, кемінде үш жыл мерзімге кепілдік берілетінін айтады. Бұған дейін ЖК «Ратов Е.» суретшілері Жезқазған қаласы Алашахан даңғылында «Алтын адам», «Тәуелсіздік» монументі, «Рухани жаңғыру», Анарқұлов көшесінде «Ы. Алтынсарин» муралдарын салып, жезқазғандықтардың ыстық ықыласына бөленген.

Новости по теме

Новости по теме

25 Nov 2022

ТУҒАН КҮНІҢМЕН, БАЛҚАШ МЫСЫ!

22 Nov 2022

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевқа ашық хат

10 Nov 2022

САПАЛЫ ЖҰМЫС ҮШІН – МАРАПАТ

10 Nov 2022

Қазақмыс экономиканың заманауи сын-қатерлеріне сәйкес келуге ұмтылады

09 Nov 2022

Жаңа мурал Жезқазған байыту фабрикасының аумағына сән беріп тұр

08 Nov 2022

Австралиялық геологтар Қазақмыс кен орнында болды