02 Қар 2022

Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақмыс» өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Өңірлерді дамыту Біз бүгін Ағымдағы қызмет

Ұлытау облысын дамытуға Қазақмыс 35 млрд. теңге бағыттайды

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы және «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақмыс» Тобы арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты – Жезқазған қаласының инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру бойынша тараптардың өзара қолдауы мен белсенді ынтымақтастығын қамтамасыз ету.

Image 2

Қол қойылған меморандумға сәйкес «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС қызметі Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданында жалпы сомасы 35 млрд. теңгеге 22 жобаны іске асыру жолымен әлеуметтік тұрақтылықты күшейтуге бағытталатын болады. Меморандум аясында жақын жылдары Жезқазған қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, музыкалық драма театры мен балабақша сынды әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандар салынады.

Сәтбаев қаласы халқының денсаулығын қолдау мақсатында компания мұнда емхана мен жарақат пунктін салады.

Бұдан басқа, «Қазақмыс» мемлекеттік техникалық университеттің ашылуына және Ұлытау ауданында Мемлекеттік рәміздер алаңының құрылысына қатысады. Компания есебінен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған екі ғимарат (күндіз қабылдау орталықтары үшін) сатып алынады.

Image 2

Сондай-ақ, шаруашылық суының көтергіш сорғы станциясына жөндеу жүргізу жоспарлануда. «Қазақмыстың» қолдауымен Жезқазғандағы Кеңгір су қоймасы жағалауын абаттандыруға арналған эскиздік жоба әзірленеді, Тасбұлақ, Күмісбұлақ және Әулиетау тауларының бұлақтарын абаттандыруға арналған эскиздік жоба дайындалып, абаттандырылады.

Сонымен қатар, меморандумда Қазақмыс қатысатын басқа да жобалар көрсетілген. Осылайша, компания Жезқазған қаласында 320 орындық балабақшаның құрылысын аяқтайды, Сәтбаев қаласында бірқатар нысандарды қайта құру және абаттандыру бойынша эскиздік жобалар дайындайды.

Тұрғын үй саласындағы мәселелердің әлеуметтік маңыздылығын назарға ала отырып, компания Жезқазған қаласындағы ұзаққа созылған құрылыс нысандарын аяқтайды.

Осы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою тараптарға өзара іс-қимылды жаңа сапалық кезеңге шығаруға мүмкіндік береді және өңір халқының әл-ауқатының деңгейін арттыру негізгі басымдық болады.

Новости по теме

Новости по теме

25 Nov 2022

ТУҒАН КҮНІҢМЕН, БАЛҚАШ МЫСЫ!

22 Nov 2022

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевқа ашық хат

10 Nov 2022

САПАЛЫ ЖҰМЫС ҮШІН – МАРАПАТ

10 Nov 2022

Қазақмыс экономиканың заманауи сын-қатерлеріне сәйкес келуге ұмтылады

09 Nov 2022

Жаңа мурал Жезқазған байыту фабрикасының аумағына сән беріп тұр

08 Nov 2022

Австралиялық геологтар Қазақмыс кен орнында болды