23 Жел 2022

«ҚАЗАҚМЫСТЫҢ» ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚОНЫСТАНУШЫЛАРЫ

Жаңа жыл қарсаңында «Қазақмыс» өз қызметкерлеріне жаңа тұрғын үй кілттерін табыс етеді. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлер көптен күткен шаршы метрдің бақытты иегерлері болды.

Өткен жылы Балаларды қорғау күніне орай «Қазақмыс» ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған 35 отбасына пәтер кілтін сыйлаған болатын. Бұл жолы Қарағанды, Жезқазған және Балқаш қалаларында тағы 53 отбасы өздерінің жайлы тұрғын үйлерін алды. Осы мақсатқа 2022 жылы компания 2,7 млрд. теңге бөлді.

- Өздеріңіз білетіндей,  Қазақстан Президенті Қасымомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жыл - балалар жылы деп жариялады. Мемлекет басшысының осы бастамасы аясында біз ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау жөніндегі қосымша бағдарламаны іске қостық. Өйткені, біздің компания біздің қызметкерлеріміз кездесетін қиын жағдайларға әрқашан құрметпен қарайды. Болашақта біз қызметкерлеріміз бен олардың отбасыларының игілігі үшін жұмыс істейтін жаңа шешімдер мен жаңа бағдарламаларды бірлесіп таба алатынымызға сенімдімін, - деп атап өтті «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриев.

Корпорация басшысы жаңа 2023 жыл, өтіп бара жатқан жыл секілді, даму үшін жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар береді деген үмітін білдірді.

 - Келесі жыл біз үшін жақсы өзгерістер жылы болады, соның ішінде бұл біздің қызметкерлеріміз үшін еңбек жағдайларының өзгеруіне де әсер етеді. Кілттерді табыстауға көшпес бұрын, жаңа жыл қарсаңында барлық отбасыларға денсаулық, амандық және өркендеу тілеймін, - деп құттықтады Нұрахмет Нұриев.

«Қазақмысқа» тұрақты негізде компания қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламалар енгізілуде. Мәселен, «Қазақмыс» компаниялар тобы қызметкерлерінің көп балалы отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын іске асырудың үш жылы ішінде 3,8 млрд. теңге сомасына 186 абаттандырылған пәтер сыйға тартылды. Сонымен қатар, барлық пәтерлер жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталған.

Сонымен қатар, аталған әлеуметтік бастамалар – «Қазақмыс» корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің компания қатысатын өңірлердегі өмір сүру және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған аспектілерінің бірі ғана.

Нұрахмет Нұриев Балқашта кілттерді салтанатты түрде тапсыру кезінде атап өткендей, оның бұл қалаға келуі кездейсоқ емес, өйткені ол Балқаш қаласының болашағы туралы әлеуметтік желілердегі хабарламалар мен түсініктемелерді мұқият қадағалайды.

- Бүгін де біз Балқаш қаласының әкімдігімен бірлесіп қаламыздың және тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыру бойынша Меморандум әзірлеп жатырмыз, сондай-ақ қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға инвестициялар жалғасуда. Мен және компанияның бірінші басшылары Жезқазған қаласындағыдай, Балқаш қаласының да іс-шараларына белсенді қатысатын боламыз, - деп қорытындылады Нұриев.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

25 Jan 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сапа қызметінің сапа саласындағы саясаты және мақсаттары

23 Jan 2023

«JasSkills Kazakhmys 2023»

17 Jan 2023

«ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ САЯСАТЫ

06 Jan 2023

Жәнібек Байғабелов «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды

30 Dec 2022

«Қазақмыс» компаниялар Тобы Директорлар кеңесінің жаңа жылдық құттықтауы

23 Dec 2022

«ҚАЗАҚМЫСТЫҢ» ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚОНЫСТАНУШЫЛАРЫ