07 Жел 2021

"Maker (Мэйкер)" ЖШС Жылдың үздік өндірістік кәсіпорны болып танылды

Біз бүгін

Бүгін, 7 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда кәсіпкерлерге Қазақстан Президентінің Сапа саласындағы "Алтын Сапа"сыйлығы табыс етілді.

Image 2

Сыйлық 4 номинация бойынша берілді: "Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын", "Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын", "Қызметтер көрсететін үздік кәсіпорын" және "Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын".

"Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын" номинациясында "Алтын Сапа" марапатын "Қазақмыс Холдинг" ЖШС құрамына кіретін "Maker (Мэйкер)"ЖШС алды.

"Maker (Мэйкер)" ЖШС Қарағанды құю-машина жасау зауытының базасында тау-кен жабдығын дайындаумен және жөндеумен айналысады. 80 жылдық тарихы бар зауыттың жобада идеяны іске асырудан бастап дайын нысанды тапсыру сәтіне дейін бұйымдарды өндіру кезінде әрбір тапсырыс берушінің сұраныстарын барынша дәл қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қуатты өндірістік базасы бар. Бүгінгі таңда "Maker (Мэйкер)" ЖШС тау-кен машинасын жасау саласында 800 маманды жұмыспен қамтамасыз етеді. Компанияны " Maker (Мэйкер) "ЖШС Басқарма Төрағасы Байгабелов Жәнібек Алтынбекұлы басқарады.

Новости по теме

Новости по теме

21 Jan 2022

Қазақмыс қызметкерлердің жалақысын көтеруге және әлеуметтік жағдайын жақсартуға 100 миллиардтан астам қаржы бағыттайды

11 Jan 2022

Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығының еңбек ұжымымен кездесулері бітімгершілік келісіммен аяқталды.

30 Dec 2021

"Кazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)" ЖШС Директорлар кеңесі төрағасының құттықтауы

30 Dec 2021

"Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасарының құттықтауы

30 Dec 2021

Отын-энергетика кешенін басқару директорының құттықтауы

30 Dec 2021

"Maker (Мэйкер)" ЖШС Басқарма төрағасының құттықтауы