04 Мам 2022

Қауіпсіз еңбекке ынталандыру

Еңбек қауіпсіздігі

Еңбек қауіпсіздігі – Қазақмыстың барлық бөлімшелері қол жеткізуге ұмтылатын лайықты мақсат. Осы мақсатқа жету жолында еңбек ұжымдары мен әрбір қызметкердің күш-жігері маңызды. Сондықтан компанияда жыл сайын Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінде күнделікті жұмысы арқылы еңбекті қорғау мәдениеті мен қағидаттарын қатаң ұстанатын еңбеккерлерді ынталандыру дәстүрге айналған.

Image 2

Компанияда тоқсан сайын Қарағанды, Жезқазған және Балқаш өндіріс орындарында бір мезгілде өткізілетін дәстүрлі «Қауіпсіздік сағатында» үздік қызметкерлер марапатталды.

Бұл жолы да байқау екі номинация бойынша өтті. Атап айтқанда, «Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы үздік қызметкер» және «Үздік желілік басшы». Жеңімпаздар келесі критерийлер бойынша таңдалды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қолданыстағы тәртіптік жазалардың болмауы, өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғауға қатысты мәселелерді шешуге арналған сессияларға белсенді қатысу, бақылау-профилактикалық жұмыстарды дұрыс жүргізу, өндірістік процеске жүйелі көзқарас, жұмыс орнындағы қауіпсіздіктің жоғары мәдениеті және оларды жақсартудағы бастама.

Байқау қорытындысына сай, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің 72 қызметкері марапатталды. Атап айтқанда, Ғазиз Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінің, «Kazakhmys Smelting» ЖШС, Отын-энергетика кешені және «Kazakhmys Maintenace Services» ЖШС жұмысшылары жоғарыда аталған критерийлер бойынша үздік деп танылды.

Жеңімпаздар Құрмет грамоталар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Оларды өндірістік бірлестіктің және кәсіпорын басшылар құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.

Image 1
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

25 May 2022

Қазақстанның төрт өнеркәсіптік алыбы ел ішіндегі құндылықтарды талқылады

19 May 2022

2022 жылдың 5-маусымында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.

16 May 2022

Құрметті Андрей Павлович! Туған күніңізге арнаған жылы құттықтауымызды қабыл алыңыз!

12 May 2022

ЖЫЛЫНА ТАҒЫ 600 МЫҢ ТОННА КЕН

08 May 2022

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Қадірлі Қазақмыс қызметкерлері!

08 May 2022

Құрметті Қазақмыс қызметкерлері!