23 Қыр 2022

ҚР ТЖМ ЖЕЗҚАЗҒАН БАЙЫТУ ФАБРИКАСЫНДА КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗДІ

Еңбек қауіпсіздігі

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пшембаевтің Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында «Қазақмыс» корпорациясы «Жезқазғантүстімет» ӨБ Жезқазған байыту фабрикасында апаттық құтқару қызметінің жаттығуы өтті.

Image 2

Апаттық-құтқару бөлімдерінің дағдыларын жетілдіру, «Серіктес» АҚҚ» ЖШС дайындығын тексеру мақсатында өткен жаттығу ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрінің, министрліктің өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Н. Мақажанов, комитеттің Абай, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарындағы департаменттерінің басшылары, «Арселор Миттал Теміртау», «Ақтөбе мыс компаниясы» АҚ, «Еуразия тобы» ЖШС, «АлтынАлмас» АҚ, тағы басқа компаниялардың өнеркәсіп қауіпсіздігі құрылымдарының жетекшілерінің назарына ұсынылды.

Image 2

Жаттығу тапсырмасына сәйкес, құтқарушылар байыту фабрикасы аумағындағы қираған ғимараттан адамдарды эвакуациялау, қиранды астында қалған адамды апаттық-құтқару құралдарын қолдана отырып шығару және медициналық көмек көрсету, құлаған ғимарат ішінде қалған адамдарды альпинистік құралдар қолдана отырып қауіпсіз жерге жеткізу бойынша тапсырмалар орындады.

Сонымен қатар, оқу-жаттығу қарсаңында вице-министр Мереке Пшембаевтің төрағалығымен Жезқазған қаласында тау-кен саласы кәсіпорындарындағы өнеркәсіп қауіпсіздігі мәселесіне арналған жиын өтті. Жиынның күн тәртібіне өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қадағалау, тау-кен өнеркәсібі саласындағы қауіпті нысандардағы өндірістік бақылаудың жай-күйі, саладағы проблемалық мәселелер шығарылып, талқыланды.

Image 2

Жиынға ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Н. Мақажанов, комитеттің аумақтық департамент басшылары, тау-кен саласындағы «Арселор Миттал Теміртау», «Ақтөбе мыс компаниясы» АҚ, «Еуразия тобы» ЖШС, «АлтынАлмас» АҚ, «Алюминий Казахстан» АҚ, т.б компаниялардың өкілдері қатысты.

Вице-министрді «Қазақмыс» корпорациясы «Жезқазғантүстімет» ӨБ кәсіпорындарындағы өнеркәсіп қауіпсіздігінің жай-күйімен өндірістік бірлестіктің Бас директоры Б. Баймұханов таныстырды.

Новости по теме

Новости по теме

23 Sep 2022

ҚР ТЖМ ЖЕЗҚАЗҒАН БАЙЫТУ ФАБРИКАСЫНДА КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗДІ

22 Sep 2022

ҚР Премьер-министрі Ә. Смайылов Қазақмыс жобаларымен танысты

20 Sep 2022

Көңіл айту

20 Sep 2022

«ҚАЗАҚМЫС» ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ӨМІРІН ҚИҒАН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТУРАЛЫ ҚАЙҒЫРА ХАБАРЛАЙДЫ

06 Sep 2022

«ҚАЗАҚМЫС» ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

02 Sep 2022

2022 ЖЫЛҒЫ 2 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ТАРАҒАН ВИДЕОҒА ҚАТЫСТЫ ХАБАРЛАМА