03 Ақп 2023

Ақпараттық хабарлама

Бірқатар БАҚ және әлеуметтік желілерде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Айдарлы» кен орнын Орыс мыс компаниясына сатқаны туралы ақпарат таратылуда.

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіні жайлы хабарлаймыз. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Айдарлы» кен орны жер қойнауын пайдалану құқығын бермеді және сатпады.

Сонымен қатар, «Қазақмыс» компаниясы тау-кен металлургия кешенінің жетекші халықаралық компанияларымен, атап айтқанда Орыс мыс компаниясымен (Ресей Федерациясы), SRK (ОАР), SGS (Швейцария) және басқа да компаниялармен бірлесе «Айдарлы» кен орнын игеру бойынша мамандармен консультациялар жүргізеді.

Сонымен қатар, компанияны шетелдік инвесторларға сатумен байланысты ақпараттық «құймалар» да шындыққа жанаспайтынын атап өтеміз.

«Қазақмыс» компаниясы-қатысушы өңірлердегі және тұтастай республикадағы азаматтардың экономикалық, әлеуметтік әл-ауқатын дамытуға бағытталған отандық кәсіпорын. Тек бірлесіп және ортақ күш-жігермен ғана біз үлкен болашағы мен әлеуеті бар жаңа ел құра аламыз!

«Қазақмыс» баспасөз қызметі әлеуметтік желілер мен басқа да медиа пайдаланушыларды «Қазақмыс» компаниялар тобының ресми хабарламаларына ғана сенуге және тексерілмеген, дұрыс емес ақпаратты елемеуге шақырады.

Біздің ресми дереккөздер:

Instagram: @kazakhmys_official

Telegram: @qazaqmys_official

Facebook: @kazakhmyscorporation 

Youtube: @kazakhmys_official

Сайт: kazakhmys.kz/kz

Новости по теме

Новости по теме

21 Mar 2023

«Мен жастарға сенемін!»

20 Mar 2023

Қазақмыста Наурыз мейрамының құрметіне арналған Спартакиада басталды

20 Mar 2023

Құрметті «Қазақмыс» компаниялар тобының қызметкерлері!

17 Mar 2023

«Қазақмыс корпорациясы» мен «Әділетті жол» келісімге қол қойды

15 Mar 2023

«Speak Up» жедел желісі: қызметкерлердің мүдделерін қорғауда

14 Mar 2023

Еңбекке толы өмір