21 Мау 2022

"Нұрқазған" кенішінің директоры — "Жыл кеншісі" деп танылды

Astana Mining & Metallurgy "Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі аясында Қазақстандағы ең беделді "Алтын Гефест" салалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Image 2

"Жыл кеншісі" номинациясында "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Қарағандытүстімет" ӨБ "Нұрқазған" кенішінің директоры Мұқан Жалғасұлы Үңгітбаев  үздік деп танылды.

"Алтын Гефест" иегері 1988 жылдан бері осы салада еңбек етіп келеді. Ол тазарту забойының бұрғылаушысы ретінде бастап, Жезқазған өңірінің кеніштерінде тау-кен шебері және телім бастығы болып жұмыс істеді.

Әр жылдары Мұқан  Жалғасұлы  бірнеше тау-кен кәсіпорындарын басқарды. Оның еңбегі  бағаланып "Кенші даңқы" төсбелгісінің толық иегері атанды. 

Мұндай жетістікке жеткендер аз, ал енді саланың ең беделді марапаты біздің жерлесімізге бұйырды.

Құттықтаймыз!  

Новости по теме

Новости по теме

05 Jul 2022

"Ustaz Ulytau" жобасы алғашқы қорытындысын шығарды

01 Jul 2022

Ақ жол, түлектер!

29 Jun 2022

ЖЕЗҚАЗҒАН АЛАҢЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ІРКІЛІСТЕРІ ТУРАЛЫ

28 Jun 2022

БАҚ қызметкерлері Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

23 Jun 2022

Қазақымыспен қызықты жаз