18 Қаз 2022

ЦИФРЛАНДЫРУ – ТАБЫС ПЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ КЕПІЛІ

Кез келген компанияның бизнес-процестеріне заманауи технологияларды енгізу олардың сапасы мен тиімділігін арттырады. Бүгінгі таңда цифрландыру мемлекеттік маңызы бар іс болып табылады және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ұлттық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізудің негізгі құралы бола отырып, елдің экономикалық дамуына тікелей әсер етеді.

«Индустрия 4.0» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде әзірленген Қазақстан Республикасында цифрландырудың жалпы стратегиясын іске асыру үшін «Қазақмыс»  корпорациясында цифрландыру қызметі құрылды.

Оның құрамында 7 бөлімше, 5 құзырет орталығы және Холдингтің 80 кәсіпорнында IT-пайдаланушыларды қолдайтын бірыңғай байланыс орталығы бар. Корпорация кәсіпорындарында жекелеген цифрлық шешімдер де, сондай-ақ, цифрлық трансформацияның ірі бағдарламалары да енгізілуде.

Олардың ішінде: компанияның жекелеген функцияларын бизнес-сценарийлер арқылы біріктіру, 300-ден астам карта-процестерді әзірлеу және оларды өзара ықпалдастыру.

Цифрландыру қызметі таяудағы 3 жылға бағдарланған және Холдинг бойынша IT қызметін трансформациялауға бағытталған, ол Ақпараттық жүйелерді біріздендіруді, бірыңғай ақпараттық кеңістік құруды, өнеркәсіптік автоматиканы ақпараттық-технологиялық қамтамасыз ету кешендерін, деректерді беру инфрақұрылымын жаңғыртуды және деректерді өңдеудің шоғырландырылған орталықтарын, ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін ұйымдастыруды, бірыңғай ақпараттық-талдамалық платформаны енгізуді қамтиды.

– Цифрландыру, ең алдымен, қызметкерлерден көптеген күнделікті міндеттерді алып тастауға, адам қателігінің қаупін азайтуға және мамандарға маңызды мәселелерді шешуге уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Бұл бизнес міндеттерді шешуде персоналдың білімі мен дағдыларын тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді,  –  дейді цифрландыру қызметін басқаратын «Қазақмыс корпорациясы»  ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Құрманов.

бүгінгі таңда Қазақмыста басым болып табылатын бірнеше жоба бар:

«ERP - SAP S/4 HANA енгізу» –   «бұлтты» технологияларды қолдана отырып, бизнес-процестерді, өндіріс пен персоналды басқаруды байланыстыратын бірыңғай интеграцияланған ақпараттық жүйе;  (EnterpriseResourcePlanning – кәсіпорын ресурстарын жоспарлау жүйесі)

«MES және ASUTP»

Mes-телемеханика және өндірісті жедел басқару жүйесі;

ManufacturingExecutionSystem - өндірістік атқарушы жүйе)

Технологиялық процесстерді заманауи автматтандырылған жүйемен басқару – ең аз технологиялық және пайдалану шығындарымен кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ өндірістік-шаруашылық қызметті жоспарлау, бақылау, есепке алу, талдау және басқару міндеттерін шешу мақсатында технологиялық процесті басқарудың заманауи автоматтандырылған жүйесі;

«Өндірісті цифрландыру»  – цифрлық өнімдерді енгізу есебінен өндірістік активтердің экономикалық тиімділігін арттыру.

Цифрландырудың арқасында міндеттерді қою және олардың орындалу сапасын бағалау процесі автоматтандырылған, ашық, орталықтандырылған, тиімді болады және ең бастысы – оның нәтижесі жинақталған құрылымдық ақпарат болады. Цифрлық технологиялардың таралуы көптеген салалардың жаңа келбетіне әкелді, өнімділікті арттыруға, өмір сапасын жақсартуға жағдай жасады. Сандық трансформация косметикалық жақсартуларға байланысты емес, Бұл бизнес-процестердің түбегейлі өзгеруі.

Новости по теме

Новости по теме

25 Nov 2022

ТУҒАН КҮНІҢМЕН, БАЛҚАШ МЫСЫ!

22 Nov 2022

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевқа ашық хат

10 Nov 2022

САПАЛЫ ЖҰМЫС ҮШІН – МАРАПАТ

10 Nov 2022

Қазақмыс экономиканың заманауи сын-қатерлеріне сәйкес келуге ұмтылады

09 Nov 2022

Жаңа мурал Жезқазған байыту фабрикасының аумағына сән беріп тұр

08 Nov 2022

Австралиялық геологтар Қазақмыс кен орнында болды