21 Жел 2022

«Қауіпсіздік сағаты» – үздіктерді анықтады

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбек қорғаудың барлық ережелерін сақтайтын үздік қызметкерлерді анықтады. Онлайн дауыс беру арқылы барлығы 30 жеңімпаз таңдалды.

Қазақмыста  қндірістік қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы байқау 2 желтоқсанда басталды. Бірнеше күн ішінде компанияның әр қызметкері, лауазымы мен кәсібіне қарамастан, үміткерлердің біріне дауыс бере алады. Онлайн дауыс беруге барлығы 3064 корпорация қызметкері қатысты. 10 номинацияның әрқайсысында 3 жеңімпаз таңдалды.

Бүгін «Қауіпсіздік сағаты» жиналысы кезінде үздіктер көрсетілген белсенділігі,  компания кәсіпорындарындағы еңбек жағдайларын дамытуға және жақсартуға қосқан үлесі үшін салтанатты жағдайда  марапатталды.

Жеңімпаздар:

«Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы үздік жұмысшы» номинациясы бойынша:

1 орын – Тубекова Рая Рахманқызы, «Балқаштүстімет» ӨБ «Саяқ» кенішінің электр газ дәнекерлеушісі. Оған  839 қызметкер дауыс берді (38,3%);

2 орын – Менликулов Бақтыхали Борашұлы, «ҚАРАҒАНДЫТҮСТІМЕТ»  ӨБ «Нұрқазған» кенішінің №5 дизельді  телімінің  «ТОРО-50» тиеу-жеткізу машинасының машинисі – 544 қызметкер дауыс берді (24,9%);

3 орын  – Бекішев Данияр Қордабайұлы, «Жезқазғантүстімет»  ӨБ Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65 шахтасы №12 телімінің тиеу-жеткізу машинасының машинисі  –  463 қызметкер дауыс берді (21,2%).

«Үздік желілік жетекші» номинациясы бойынша:

1 орын  – Еспенбетова Нина Серікбайқызы, Қарағанды өңірі бойынша аймақтық бірыңғай қойма шаруашылығы «Қарағандытүстімет» ӨБ «Нұрқазған» кенішінің жарылғыш материалдар қоймасы  телімінің шебері  –  720 қызметкер дауыс берді (32,1%);

2 орын – Қапасов Бекзат Бақтыбекұлы, «Балқаштүстімет" ӨБ Жөндеу-механикалық зауыты жылу құбыры  телімінің шебері – 629 қызметкер дауыс берді (28%);

3 орын – Базылов Ербол Сағатұлы, «Жезқазғантүстімет» ӨБ құю-механикалық зауытының эылу-энергия үнемдеу және шаң-газ басу телімінің шебері  – 526 қызметкер дауыс берді (23,5%).

«Өндірістік қауіпісздік және еңбекті қорғау бойынша кәсіпорынның үздік басшысы» номинациясында:

1 орын – Ғибадат Темірбекұлы, «Қарағандытүстімет» ӨБ «Нұрқазған» байыту фабрикасының бас инженері  – 743 қызметкер дауыс берді (33,3%);

2 орын – Ахметжанов Манатхан Сайлауханұлы, «Балқаштүстімет» ӨБ  «Саяқ» кенішінің бас инженері – 623 қызметкер дауыс берді (27,9%);

3 орын – Төлеуов Абюр Абюрханұлы, «Жезқазғантүстімет»  ӨБ Энерго-жөндеу мамандандырылған басқармасының директоры  –  467 қызметкер дауыс берді (21%).

«ӨҚжәнеЕҚ саласындағы үздік бейінді маман» номинациясы бойынша:

1 орын – Әмірбаев Алмас Әлімсерікұлы, «Балқаштүстімет» ӨБ  «Қож үйіндісі» цехының аға механигі –  686 қызметкер дауыс берді (31,3%);

2 орын – Сағындықов Дастан Мейрамұлы, «Қарағандытүстімет»  ӨБ  техника қауіпсіздігі және  еңбекті қорғау бөлімінің  өндірістік қауіпсіздік және еңбекқі қорғау мониторингі бойынша жетекші инженері – 616 қызметкер дауыс берді (28,1%);

3 орын – Сефербегов Мусаниф Мусанифович, «Жезқазғантүстімет» ӨБ Жөндеу-механикалық мамандандырылған басқармасының бас механигі  –  562 қызметкер дауыс берді (25,6%).

«ӨҚжәнеЕҚ саласындағы үздік ынталандырушы бейнеролик» номинациясы бойынша:

1 орын – Тоймбеков Әсет Алғазұлы, «Қарағандытүстімет»  ӨБ «Нұрқазған» байыту фабрикасының Энергожөндеу  телімінің электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтері – 518 қызметкер дауыс берді (25,5%);

2 орын – ОрынбасарАйбатырИбрагимұлы, «Жезқазғантүстімет» ӨБ «Жыланды»  кеніші бойынша электр жабдықтарына сервистік қызмет көрсету бойынша энергетика басқармасының электр жабдықтарына сервистік қызмет көрсету цехының аға шебері – 408 қызметкер дауыс берді (20,1%);

3 орын – Бектұров Дәулетхан Сламғалиұлы, «Балқаштүстімет» ӨБ «Саяқ» кеніші дизельдік  телімінің «БелАЗ»  жүргізушісі  – 169 қызметкер дауыс берді (8,3%).

«ӨҚжәнеЕҚ бөлімінің үздік қызметкері» номинациясы бойынша:

1 орын – Байжұманова Айнұр Қайырбекқызы, «Қарағандытүстімет» ӨБ «Нұрқазған» байыту фабрикасының  техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы –757 қызметкер дауыс берді (32,4%);

2 орын – Халиков Ильдар Ермадұлы, «Қазақмыс корпорациясы»  ЖШС Балқаштүстімет» ӨБ техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің еңбекті қорғау және техника қауіпісздігі  бойынша жетекші инженері  – 550 қызметкер дауыс берді (23,6%);

3 орын – Ғ.О. Омаров атындағы шахтақұрылысы тресінің жетекші инженері (өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғауды басқару жүйесінің есебін талдауы бойынша) Ахмедова Изольда Абдуллаевна – 518 қызметкер дауыс берді (22,2%).

«ӨҚжәнеЕҚ саласындағы үздік әдіскер» номинациясы бойынша:

1 орын – Поленчук Павел Сергеевич, «Жезқазғантүстімет» ӨБ Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасы №15телімінің  тау-кен шебері – 893 қызметкер дауыс берді (29,1%);

2 орын – Қарақаева Оксана Николаевна, «Балқаштүстімет» ӨБ Балқаш байыту фабрикасы бөлімінің жетекші инженері – 840 қызметкер дауыс берді (27,4%);

3 орын – Жолманов Дәурен Қанатұлы, «Қарағандытүстімет» ӨБ «Абыз» кеніші техникалық бөлімінің жоспарлау және жобалау жөніндегі жетекші инженері  – 759 қызметкер дауыс берді (24,8%).

«ӨҚжәнеЕҚ саласындағы үздік бригадир»  номинациясы бойынша:

1 орын – Махатов Медет Нұрланұлы, «Жезқазғантүстімет» ӨБ «Жомарт»  кеніші №1 кен өндіру телімінің  бұрғылаушысы  – 663 қызметкер дауыс берді (29,5%);

2 орын – Гостевских Игорь Владимирович, «Балқаштүстімет» ӨБ  «Шатыркөл» кенішінің үңгілеушісі  –  595 қызметкер дауыс берді (26,5%);

3 орын – Ташибаев Бекен Ілясұлы, «Қарағандытүстімет» ӨБ Қарағанды байыту фабрикасының слесарь жөндеушісі – 553 қызметкер дауыс берді (24,6%).

«ӨҚжәнеЕҚ саласындағы үздік телім басшысы» номинациясы бойынша:

1 орын – Ыдырысов Бауыржан Сәкенұлы, «Жезқазғантүстімет» ӨБ «Батыс» кеніші №67/70 шахтасының №2 кен өндіру телімінің  басшысы – 922 қызметкер дауыс берді (30,1%);

2 орын  – Бейсенов Қуаныш Қабдулұлы, «Балқаштүстімет»  ӨБ мыс кендерін байыту цехының жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі  телімнің басшысы – 898 қызметкер дауыс берді (29,3%);

3 орын – Қабылбеков Данияр Мұратұлы, «Қарағандытүстімет»  ӨБ «Нұрқазған» байыту фабрикасының жабдықтарды жөндеу телімінің  басшысы –  797 қызметкер дауыс берді (26%).

«ӨҚжәнеЕҚ саласындағы үздік тау-кен шебері» номинациясы бойынша:

1 орын – Кушеков Нұржан Шәкіржанұлы, «Жезқазғантүстімет» ӨБ «Жыланды» кеніші №10  телімінің тау-кен шебері – 907 қызметкер дауыс берді (29,6%);

2 орын – Зкрин Нұрбека Миржанұлы, «Балқаштүстімет» ӨБ «Шатыркөл» кенішінің тау-кен шебері – 887 қызметкер дауыс берді (28,9%);

3 орын – Қыдыров Жұмағали Жолдасұлы, 1Қарағандытүстімет» ӨБ «Нұрқазған» кеніші №3 жару телімінің  шебері - 771 қызметкер дауыс берді (25,2%).

Компания басшылығының шешімімен әрбір жеңімпаз грамоталармен және ақшалай сыйақымен марапатталды. Байқауды ұйымдастырушылардың пікірінше, ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу басқа қызметкерлер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздіктің барлық ережелерін сақтауға жігерлендіреді.

Жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

25 Jan 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сапа қызметінің сапа саласындағы саясаты және мақсаттары

23 Jan 2023

«JasSkills Kazakhmys 2023»

17 Jan 2023

«ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ САЯСАТЫ

06 Jan 2023

Жәнібек Байғабелов «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды

30 Dec 2022

«Қазақмыс» компаниялар Тобы Директорлар кеңесінің жаңа жылдық құттықтауы

23 Dec 2022

«ҚАЗАҚМЫСТЫҢ» ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚОНЫСТАНУШЫЛАРЫ