28 Мау 2022

БАҚ қызметкерлері Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Құрметті журналистер!

Бүгінгі таңда адам санасына әсер етудегі сіздердің  рөлдеріңіз аса бағалы. Сіздер елдің әр түкпірінде жүріп, ең жарқын оқиғалардың куәгері болып, қоғамдық пікір қалыптастырасыздар.

Сіздердің білімқұмарлықтарыңыздың, жаңа ақпараттық жағдайларға деген құштарлықтарыңыздың, объективтіліктеріңіздің арқасында бүкіл ел мен әлем «Қазақмыс» компаниялар тобының қызметі жайында,  кеншілер мен байытушылардың, металлургтердің күрделі жұмысы туралы хабардар болуда.

«Қазақмыс Холдинг» ЖШС қоғамдық байланыс және коммуникациялар департаментінде әртүрлі республикалық және халықаралық басылымдарда жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер жұмыс істейді. Біз сіздердің  еңбекеріңізді  түсінеміз және бағалаймыз.

Біздің қағидатымыз —  диалогқа ашықтық және жемісті ынтымақтастық. Біз Сіздерді Қазақмыстың кәсіпорындарында күтеміз және қоғам үшін қызықты және маңызды материалдарды дайындауда жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз.

Сіздердің адал еңбектеріңіз бен жоғары кәсібиліктеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз! Сіздерге тек жақсы жаңалықтар, лайықты жалақы, денсаулық және бақыт тілейміз! 

Ізгі тілекпен,  

«Қазақмыс Холдинг» ЖШС қоғамдық байланыс және коммуникациялар департаментінің ұжымы.

Новости по теме

Новости по теме

04 Aug 2022

«Қазақмыс» компаниялар тобы қызметкерлерін ерікті медициналық сақтандыру

02 Aug 2022

«TRANCO ZHEZKAZGAN» (ТРАНКО ЖЕЗҚАЗҒАН) ЖШС ЕҢБЕК ДАУЫН ҚАРАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІНІҢ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ»

01 Aug 2022

«ТРАНКО» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕК ДАУЫ РЕТТЕЛДІ

18 Jul 2022

Қарағайлы 70 жыл

15 Jul 2022

Намысты бәрінен биік қойдым