16 Жел 2022

Асар: көмек қолын созды

Қазақ халқында ертеден келе жатқан «Асар» деген жақсы дәстүр бар. Ол дәстүр бойынша адамдар қиын жағдайға тап болған жандарға бірлесіп көмектесіп, қиындығын жеңілдетуге атсалысады. Бұл көршілік пен өзара қолдау дәстүрі халқымыздың небір қиындықтарды еңсеруіне жол ашты.

Жақында «Қазақмыс» тобының Жылу энергетика кешені қызметкерлері осы Асар дәстүрінің жарқын үлгісін көрсетіп, аязды күні апатты жағдайда қалған Екібастұз халқына көмек қолын созды.

«Қазақмыс» Екібастұз қаласындағы Төтенше жағдай салдарын жоюға алғашқы болып атсалысты. 150 мың тұрғыны бар қалаға өзінің үздік жұмыскерлері мен арнайы техникаларын жіберді. Екі апта бойы олар ЖЭО-дағы апат салдарын жойып, қаланың жылу магистральдарын қалыпқа келтірді. Қазақмыстықтардың күшімен 19 көп қабатты үй мен 3 әлеуметтік нысан: «Үміт» балалар үйі, №24 балабақша мен №26 орта мектеп жылуға қосылды. Сонымен бірге, біздің компания жұмыскерлері 480 метр жылу құбырын жөндеп, қатып қалған1400 метр магистралдық желіні жібітті.

Сол батырларымызбен таныс болыңыздар:

1. Исанов Әшім Қабдоллаұлы, ЖЭК директоры;

2. Баржақсынов Бақытжан Тәңірбергенұлы, ЖЭК жылумен, сумен жабдықтау цехының бастығы;

3. Ыдырысов Талғат Ыдырысұлы, 6 разрядтағы электрмен, газбен дәнекерлеуші;

4. Әбдірашев Талғат Тілеубергенұлы, 6 разрядтағы электрмен, газбен дәнекерлеуші;

5. Нәртай Мәулет Мәлікұлы, 4-разрядтағы слесарь-жөндеуші;

6. Төлегенов Ғалым Шеруұлы, 4-разрядтағы слесарь-жөндеуші;

7. Налибай ҒалымТәнірбергенұлы, 3-разрядтағы слесарь-жөндеуші;

8. Айтжанов Қуанышбек Айбекұлы, 3-разрядтағы апатты қалпына келтіру слесарі;

9. Сейдахметов Мирамбек Қаратайұлы, 4-разрядтағы сыртқы құбыр желілерін монтаждаушы;

10. Көбенов Темір Балталыұлы, 4-разрядтағы электрмен, газбен дәнекерлеуші;

11. Ерлан Елжас Ерланұлы, 4-разрядтағы жылу желілерін монтаждаушы;

12. Кобалов Мұрат Сәрсенбайұлы, 4-разрядтағы сылақшы;

13. Маркович Михаил Васильевич, 4-разрядтағы токарь;

14. Құлшарипов Амангелді Мұханбетжанұлы, 4-разрядтағы автомобиль жүргізушісі;

15. Оңдыбаев Марат Саламатұлы, 5-разрядтағы электрмен дәнекерлеуші;

16. Беркен Ерсін Мадиярұлы, жылу желілеріне қызмет көрсету жөніндегі слесарь;

17. Доскеев Ерлан Тишжанұлы, автомобиль жүргізушісі;

18. Геннадий Геннадиевич Заховайк, «ЖезЭТК» АҚ Балқаш электр желілері филиалының  жүргізушісі.

Біз мамандарымызға қиын жағдайдағы кәсібилік пен жанкешті еңбектері үшін алғыс айтамыз. Сіздер – болашақ ұрпаққа лайықты үлгі және компаниямыздың мақтанышысыздар!

Новости по теме

Новости по теме

25 Jan 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сапа қызметінің сапа саласындағы саясаты және мақсаттары

23 Jan 2023

«JasSkills Kazakhmys 2023»

17 Jan 2023

«ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ САЯСАТЫ

06 Jan 2023

Жәнібек Байғабелов «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды

30 Dec 2022

«Қазақмыс» компаниялар Тобы Директорлар кеңесінің жаңа жылдық құттықтауы

23 Dec 2022

«ҚАЗАҚМЫСТЫҢ» ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚОНЫСТАНУШЫЛАРЫ