18 Қар 2021

АБЫЗ КЕНІШІНІҢ ЖАҢА ТЫНЫСЫ

Ағымдағы қызмет Біз бүгін

Биыл Абыз кеніші металл өндіруді екі есеге арттырды

Image 2

Қарқаралы тауларының арғы бетіндегі Орталық Қазақстан даласының кең байтақ жерінің ортасында 2005 жылдан бастап «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС филиалының «Абыз» кәсіпорны өзінің тау-кен өндіру қызметін жүргізуде.

Абыз алтын полиметалл кен орны, 1973 жылы «Оңтүстікқазгеология» ӨГБ орталық геохимиялық экспедициясымен анықталды. 1993 жылға дейінгі барлау жұмыстары кезінде екі негізгі кен учаскесі анықталды: Шығыс және Батыс.

Жерден 350 метрге дейінгі тереңдікке дейін орналасқан Шығыс учаскесінің қорлары 2014 жылға дейін ашық әдіспен (тереңдігі 150 метр карьермен) алынды, ал 2015 жылы жерасты қазу әдісіне көшумен өңделді.

Image 2

Шығыс учаскесіндегі кен өлшемінің күрделі морфологиясы, оның конфигурациясы мен қуаты жағынан айтарлықтай өзгергіштігі, сондай-ақ тау кен массасының күрделі геомеханикалық жағдайы және ашылған горизонттардың 2020 жылға дейін сулануы кен мен металл өндірудің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік бермеді.

Бірақ, Батыс учаскесінің ашылуымен және кеніш пен корпорацияның барлық ұжымының қажырлы еңбегінің арқасында 2020 жылы Абыз көп жылдар ішінде алғаш рет металдарды: алтын бойынша 666 кг, күміс бойынша 10239 кг, мыс бойынша 5483 тонна өндіру жоспарын берді.

Image 2

- Батыс учаскеде жер асты жұмыс істеу тәсілі біздің көрсеткіштерімізді арттыруға мүмкіндік берді. Биылғы жылы кен мен металл өндіру көлемі екі есеге артты. Нәтижесінде кен орнының алтын кені қоры өзінің жоспарлы көрсеткіштерін жауып қана қоймай, алтын және басқа да бағалы металдарды шығару бойынша филиалдың барлық кәсіпорындарының көрсеткіштерін жабады, - деп хабарлады «Абыз» кенішінің директоры Жеңісбек Бимағанбетов.

Айта кету керек, кеніш қызметкерлерінің негізгі бөлігі Абыз және Қарқаралы кентінің және Қарағанды облысының жақын маңдағы елді мекендерінің жергілікті тұрғындарынан тұрады. Ал кәсіпорын өнімділігінің артуымен жұмыс орындары 330 қызметкерге дейін ұлғайды. Осы жылы корпорация тау-кен мамандықтарының 70-тен астам қызметкеріне лайықты жұмысқа орналасуға мүмкіндік берді.

Новости по теме

Новости по теме

30 Nov 2021

Геологиялық кластердің іргетасын құю басталды

25 Nov 2021

НАҚТЫ ҚАДАМ

24 Nov 2021

Балқаштың даңқты мысы

22 Nov 2021

Qazaq Geophysics-болашағы зор компания!