06 Мам 2022

Құрметті әріптестер!

Біз бүгін Қызметкерлер

Еліміз 7 мамырды Отан қорғаушылар күні ретінде атап өтеді.

Image 2

Биыл бұл күн Тәуелсіз Қазақстанның қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толғанына тұспа-тұс келіп тұр. 1992 жылы 7 мамырда еліміздің тұрақтылығының, оның аумақтық тұтастығы мен әскери қауіпсіздігінің кепіліне айналған Ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы Жарлыққа қол қойылды. Дәстүр бойынша  бұл күні барша қазақстандық ер азаматтарға жылы лебіздер айтылады.

Бұл күш пен ерліктің, тектілік пен намыстың, өз Отанына деген зор сүйіспеншілік пен шынайы патриотизмнің мерекесі. Нағыз патриоттық сезім Отаныңа, отбасыңа, ата-анаңа, бала-шағаңа деген сүйіспеншілік пен адал да игілікті еңбектен бастау алады. Қазақмыс тобындағы ер азаматтар Отан алдындағы борышын өтей отырып, өз адал еңбегі мен жоғары кәсібилігін танытып, алып компанияның жоспарлары мен мақсаттарын жүзеге асыруға, мемлекетіміздің нығаюына  атсалысуда.

Ардақты азаматтар!

Отан қорғаушылар күнімен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Сіздерге шын жүректен табандылық, батылдық пен игілік әрқашан серік болсын!

Құрметпен,

«Қазақмыс» компаниялар тобының

Директорлар кеңесі және басшылық құрамы.

Новости по теме

Новости по теме

25 May 2022

Қазақстанның төрт өнеркәсіптік алыбы ел ішіндегі құндылықтарды талқылады

19 May 2022

2022 жылдың 5-маусымында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.

16 May 2022

Құрметті Андрей Павлович! Туған күніңізге арнаған жылы құттықтауымызды қабыл алыңыз!

12 May 2022

ЖЫЛЫНА ТАҒЫ 600 МЫҢ ТОННА КЕН

08 May 2022

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Қадірлі Қазақмыс қызметкерлері!

08 May 2022

Құрметті Қазақмыс қызметкерлері!