12 Мам 2022

ЖЫЛЫНА ТАҒЫ 600 МЫҢ ТОННА КЕН

Өндірістік алаңдарда өндірістік қызметтің жүргізілуін бақылау мақсатында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Андрей Гайдин Жайсаң кен орнында болып, мыс өндіретін жаңа кеніш құрылысының барысымен танысты.

Image 2

Жаңа Жайсаң кенішін пайдалану мерзімі жерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды іске асыруды ескере отырып, 22 жылды құрайды. Кеніштің алдын ала жобалық қуаты – жылына 600 мың тонна кен. Оған 2027 жылы қол жеткізу жоспарланып отыр. Мыс кені Шатыркөл кенішінің жанында салынып жатқан жаңа байыту фабрикасында қайта өңделетін болады. Бұл кен орнынан 500 шақырымнан  асатын жерде орналасқан Балқаш байыту фабрикасына дейін кенді тасымалдауға жұмсалатын шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

Жаңа фабрика заманауи технологиялық жабдықтармен жарақтандырылып, жылына 1,2 млн. тонна кен өңдеуге мүмкіндік береді.

Image 2

Тау-кен-күрделі жұмыстарын  Ғ. Омаров атындағы шахтапроходкалау тресі толық көлемде жүзеге асыруда. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 25  шақырым болатын Шатыркөл кенішінен Жайсаң кенішіне дейінгі жаңа автомобиль жолы мен кеніштің тіршілігін қамтамасыз ету үшін жоғары вольтты электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы жүріп жатыр.

– Біз нысанның мамандарымен және жұмысшыларымен кездестік, туындаған мәселелерді талқыладық. Мен бірнеше  тапсырма бердім. Олардың ішінде Жайсаң алаңында жақсартылған үлгідегі тұрғын модульдік контейнерлерді орналастыру, үздіксіз мобильді байланысты ұйымдастыру және Интернет желісіне қол жеткізу мәселелері бар,  – деп Андрей Гайдин сапар қорытындысын жасады.

Новости по теме

Новости по теме

29 May 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Сапа қызметі және Сапаны дамыту департаменті ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкес сертификатталды

25 May 2023

«Білім беру процесін өндіріспен интеграциялау»

18 May 2023

№ 1 Ванюков пеш кешенінде - күрделі жөндеу

12 May 2023

Тотияйын учаскесіне - 70 жыл !

11 May 2023

Жезқазғанда көгалдандыру акциясы өткізілді

09 May 2023

Ардагерлерді Жеңістің 78 жылдығымен құттықтау