04 Қар 2021

Жөндеу - механикалық мамандандырылған басқармасына 55 ЖЫЛ

Жезқазған Қазақстанның Мыс астанасы, мыс өндірумен және өңдеумен айналысатын ірі кәсіпорындар табысты жұмыс істейтін түсті металлургияның орталығы болып саналады. Мыс-кенді өлке өндірісін дамытуда 55 жыл бойы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС - "Жезқазғантүстімет"ӨБ Жөндеу - механикалық мамандандырылған басқармасы баға жетпес рөл атқарды.

Бүгінгі күні осы басқарманың тау-кен-шахта, байыту және металлургия жабдықтарын күрделі және ағымдағы жөндеуді орындауға маманданған 1400 қызметкері бар. Кәсіпорынның өндірістік учаскелері Жомарт кенішін, мыс балқыту зауытын, №1 және №2 Жезқазған байыту фабрикаларын қоса алғанда, "Жезқазғантүстімет" ӨБ барлық кеніштерінде орналасқан.

ЖММБ-ның 55 жылдық мерейтойына орай басқарманың үздік қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Бұл айтулы оқиға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеумен тұспа-тұс келді. Мерейтой аясында ЖММБ қызметкерлері "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасы Эдуард Огайдың, "ЖТМ" ӨБ директоры Бауыржан Баймұхановтың, "Nur Otan" партиясының Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Шингисовтың, "Кәсіп қорған" және "Jastar Bolashag"кәсіподақ ұйымдарының өкілдері атынан Құрмет грамоталарымен марапатталды. Мерекеге жиналған басшылық пен қонақтар жұмысшылардың еңбегін жоғары бағалап, металлургия саласының дамуына қосқан маңызды үлесі үшін ризашылықтарын білдірді.

Новости по теме

Новости по теме

30 Nov 2021

Геологиялық кластердің іргетасын құю басталды

25 Nov 2021

НАҚТЫ ҚАДАМ

24 Nov 2021

Балқаштың даңқты мысы

22 Nov 2021

Qazaq Geophysics-болашағы зор компания!