Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
03 Маусым 2021 ЖЕЗҚАЗҒАНДА БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

1 маусымда Жезқазған қаласының медициналық орталығының базасында «Қазақмыс» корпорациясының бастамасымен денсаулықты барынша қалпына келтіру үшін балаларды оңалту орталығының ашылуы болып өтті.

 

 

Бұл орталық ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін өте қажет болды.

Корпорация ғимаратты жөндеуге, жабдықтар сатып алуға, сондай-ақ медициналық персоналды оқыту мен біліктілігін арттыруға қажетті қаражат бөлді.

 

 

Аталған орталықта ата-аналарының жұмыс орнына қарамастан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС орналасқан өңірлерде тұратын, бала кезінен мүгедек (18 жасқа дейінгі) балалар, сондай-ақ ата-аналары Қазақмыс кәсіпорындарында жұмыс істейтін 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер оңалтудан өтеді. Оңалту шығындарын «Қазақмыс» корпорациясы өз мойнына алады.

 

Орталықтың ашылу салтанатына қала әкімдігінің өкілдері, Жезқазған аймағы бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ләззат Ранова, Корпорация басшылығы және БАҚ қатысты.

 

 

Медициналық орталықтың директоры Владимир Моторыкин таяу және алыс шетелдерден әкелінген заманауи жабдықтардың, соның ішінде МОТОmed оңалту тренажері (Германия), вертикализатор тренажері, «Кенгуру» мобильді құрылғысы, қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға арналған нейро-ортопедиялық оңалту пневмокостюмі, түзету кабинеттері, жаңа буынның компьютерлік томографы және басқа да жабдықтардың жұмысын көрсетті, сондай-ақ орталықтың білікті кадрлармен жасақталғаны туралы хабардар етті.

 

 

«Қазақмыс» корпорациясының арқасында осы өңірлердің ерекше қажеттіліктері бар балаларға қажетті оңалту курстары қолжетімді болды.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.