Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
14 Сәуір 2021 ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ

«Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің бірі – мыс және эмаль сым өндіру цехы өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтеді.   

 

 

Кез келген өндіріс тарихындағы ширек ғасыр - бұл қысқа мерзім. Бірақ осы жылдар ішінде цех ұжымы өзінің кәсіби қабілеттілігін, ал кәсіпорын бәсекеге қабілеттілігін дәлелдей алды.

Өткен жылдар ішінде көптеген шешімдер қабылданып, 90-шы жылдары цехты ең жаңа технологиямен іске қосу және сапалы өнім шығару бойынша көп деңгейлі жұмыстар орындалды.   

90-жылдардың басында экономикалық қатынастардың үзілуі және Одақтың ыдырауы Балқаштағы қала құраушы кәсіпорынның жұмысына да әсер етті. «Балхашмедь» ӨБ басшылығы дағдарыстан шығудың жаңа жолдарын іздестірді. Зауыттың жетекші мамандары мыс өңдеу бағдарламасын әзірленіп, онда технологиялық жабдықты жеткізуші компанияны таңдау критерийлерін ескере отырып, созба сым мен эмаль сымын өндіру қарастырылды. Бағдарлама Үкімет деңгейінде қолдау тапты. 1992 жылғы 10 қыркүйекте Мәскеуде «Балхашмедь» ӨБ және австриялық «MAG» фирмасы эмаль сымын өндіру үшін машиналар мен жабдықтарды жеткізуге келісімшарт жасап, келісімге келді. Келісімшартты іске асыру Түсті металдарды өңдеу зауытының («ТМӨЗ» АҚ) басшылығына жүктелді.

 Әрі қарай, құрылыстың, технологиялық желілерді орналастыру мен жабдықты конфигурациялаудың ең ұтымды нұсқаларын іздеу басталды.

Цехтың құрылысы 1995 жылғы сәуір айында басталды. Австрия қалаларында болашақ мамандар эмаль сымын өндіру технологиясын игерді, олардан келешекте ұжымның негізі қаланды. Бір жылдан кейін, 1996 жылғы 4 сәуірде цехтың ресми ашылуы өтті, оған еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Бұл күн Қазақстанда дайын өнім өндіретін жаңа кәсіпорынның ресми туған күні болып қалды.

      

1997 жылы «Балқашмыс» АҚ-ның банкрот болуы нәтижесінде мыс және эмаль сымын өндіру цехы «Қазақмыс» корпорациясының БКМК-ға ауысып, ал барлық қажетті қосалқы объектілер Түсті металдарды өңдеу зауытының (ТМӨЗ) аумағында қалғанда, жас, әлі белі қатаймаған кәсіпорын жұмысын әрі қарай жалғастыру үшін бірінші емтиханнан өтті.    

 

Қысқа мерзім ішінде әкімшілік-тұрмыстық кешен, қоймалар, қосалқы үй-жайлар салу қажет болғандықтан ұжым алдында жаңа мәселелер туындады. Бұл оңай уақыт емес еді. Бірақ жабдықтардың, жоғары білікті мамандар мен жұмысшылардың болуы кәсіпорынға сапалы дайын өнімді шығаруға тамаша мүмкіндік берді. Кәсіпорын басшылығы тарапынан цех басшыларының барлық жасампаз бастамаларын қолдауының арқасында эмаль сымы цехы – өндірістік нысан құрылысы бекітілген мерзімде аяқталғанын мойындау керек. 

 

 

Сол сындарлы уақыттан бері 25 жыл өтті. Осы жылдар ішінде цех деректерді электрондық өңдеу, өндірісті басқарудың жаңа нысандары сияқты жаңа технологияларды өндіріске енгізе отырып, заманымызға сай нық қадам басып келеді. Технологиялық желі оқшаулау қасиеттері жақсартылған сымды ғана емес, Қазақстан Республикасының кабель өнеркәсібі кәсіпорындарына қажетті мыс сымды да шығаруға мүмкіндік береді. Цех өнімі «Қарағандыдағы сапа» көрмесінің және «Қазақстанның үздік тауарлары» бірінші республикалық байқауының арнайы дипломдарымен наградталғанын  да айта кету керек.

Кәсіпорынның шарықтау да, құлдырау да жылдары болды, бірақ еңбек ұжымы уақыттың экономикалық тұрақсыздығына лайықты төтеп бере алды. Бүгінде кәсіпорын аяғына нық тұр.

 Қазіргі уақытта мыс және эмаль сымдарын өндіру цехы «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС тұрақты жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшелердің бірі болып табылады.

 

25 жыл бойы цехты Еркін Тұрарұлы Жұмабеков басқарады.

Өз ісіне адал жұмыскерлерсіз кәсіпорынға оңай болмас еді, сондықтан біздің ардагерлеріміз, жастардың тәлімгерлері Людмила Владимировна Левченко, Валерий Александрович Шин, Асхат Абеуович Ермеков, Александр Викторович Хлынов, Сергей Борисович Хайрутдинов, Бахыткуль Джакибаевна Кенбавина, Татьяна Николаевна Казакова, Асхат Тлекович Абдрахманов және 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар басқа да көптеген жұмыскерлеріміздің тағдырлары кәсіпорынмен тығыз байланыста өтті.

25 жыл ішінде цехта өндірістік те, сондай-ақ қоғамдық та кез келген мәселелерді шеше алатын, ұйымшыл және тату ұжым қалыптасты.

Осы мерейтой күндері цех ұжымы өткенді қайта қорытындылап, болашаққа жоспарларын анықтайды, өйткені алда жаңа мерейтойлар күтіп тұр, ал оларға бүгіннен бастап дайындалу қажет.   

 

Ляззат Смагулова. 

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.