Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
09 Сәуір 2021 АЛТЫНҒА БЕРГІСІЗ ҰСТАЗ

Сенімді әріптес, тәжірибелі тәлімгер, өз ісінің кәнігі маманы, сүйікті ана, ардақты әже! Бұл сөздерді 14 жылдан бері «Нұрқазған» кен-байыту фабрикасында еңбек етіп келе жатқан Татьяна Афонинаның бір өзіне ғана арнауға болады. Ол жұмыста жеткен жетістіктері үшін ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» мемлекеттк орденімен марапатталған. Татьяна Владимировнаны «шеше» деп атайтын шәкірттерінің оған деген құрметі өз алдына бір төбе.

 

 

Татьяна Владимировна Афонина «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қарасты Нұрқазған кен-байыту фабрикасының байырғы қызметкерлерінің бірі. Ол 2007 жылдан бері ұнтақтау корпусында конвейер машинисі болып еңбек етеді. Айтуынша, ол кезде енді ғана іске қосылып жатқан өндірісте жұмыс істеу оңайға соқпаған көрінеді. 

— Алғашында өте ауыр болды, тәжірибе жетпеді. Қондырғылардың бәрі жаңа, Ресей, Италия, Германия сияқты бес мемлекеттен әкелінген. Жаңа техника қалыпқа түскенше, оның ыңғайына үйреніп кеткенше біраз қиналдық. Толып, тығылып қалады, күрекпен лақтырамыз – деп еске алады Татьяна Афонина. - Қазір ондай проблема жоқ. Фабрикадағы жұмыстың бәрі жолға қойылған. Нұрқазған фабрикасы өндірістік тұрғыдан да, қауіпсіздік мәселесінде де Қазақстандағы кәсіпорындар ішіндегі үздігі дегенді сенімді түрде айта аламын.

 

 

2012 жылы Татьяна Владимировна тәлімгерлік білім алып, содан бері жаңадан келген мамандарға кәсіптің қыр-сырын үйретіп жүр. Бүгінде ол үйреткен қырықтан астам маманның дені Қазақмыста еңбек етуде.

- Өзім тәрбиелеген ұл-қыздарымды мақтан тұтамын. Біреулер Қазақмыста лауазымды қызметке көтерілді, кейбірі конвейер машинисі болып жұмыс істеп жүр. Мені кейбір шәкірттерім «мама» деп атайды, – деп күледі Татьяна Владимировна. - Ұжымымыз өте жақсы. Олар мен үшін екінші отбасыма айналды десем де болады. Бір-бірімізді қорғап, қолпаштап жүреміз. Ал, бізді біріктірген – еңбек.

 

 

2018 жылы ерен еңбегі үшін Татьяна Афонина III дәрежелі «Еңбек Даңқы» мемлекеттік орденімен марапатталды. Кейіпкеріміз үшін бұл күтпеген жағдай болды. Әріптестері Татьяна бұл марапатқа әбден лайық деген пікірде. Осы жердегі шебер Жандос Сұлтан: «Мен Қазақмысқа Татьянамен бірге келдім. Оның қандай қызметкер, қандай адам екенін жақсы білемін. Татьяна жауапкершілігі жоғары, қолға алған ісін соңына дейін жеткізбей тынбайтын, кім болса да көмектесуге дайын тұратын өте мейірімді әрі адал адам. Ұжымда оның қолдауын көрмеген адам аз» деді ағынан жарылып. 

 

 

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөз біздің кейіпкерімізге арнап айтылса керек. Ол бұрын үш бала тәрбиелеп өсірген аяулы ана болса, енді бес немеренің ардақты әжесі. Қолы босаған кезде саяжайға барып жер шұқығанды, болмаса бассейнге барғанды, әлде табиғат аясына шығып серуендегенді жақсы көреді. Әсіресе, саңырауқұлақ теріп, жидек жинағанды ұнатады. Татьянаның айтуынша, отбасы мен ұжымдағы жақсы қарым-қатынас, қажырлы еңбек пен белсенді демалыс – оның бақытты өмір сүруіне әсер етіп отыр.    

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.